10.06.2008, 16:16 3031

Алматыда кәмелеттік жасқа толмаған балаларды саудалады деген күдікпен бір әйел қамауға алынды

Алматыда кәмелеттік жасқа толмаған балаларды саудалады деген күдікпен бір әйел қамауға алынды

Алматы. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда "STOP трафик" оперативтік-профилактикалық шарасының барысында кәмелеттік жасқа толмағандарды саудалаған жас келіншек тұтқындалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 33 жастағы Қырғызстан азаматшасын тұтқындаған. Ол осыдан бірнеше ай бұрын тағы бір танысымен бірге Қырғызстаннан 14 жастағы қызды заңсыз алып кеткен. Алматыда жасөспірімді 30 мың теңгеге бір әйел сатып алып, өз кезегінде тағы бір жеңгетайға сатқан.

Қазіргі уақытта жасөспірім Алматы қалалық ІІД кәмелеттік жасқа толмағандардың уақытша оқшаулау, бейімдеу және сауықтыру орталығында жатыр. Қылмысқа қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, қамауға алынған. Оларға қатысты Алматы қалалық ІІД ҚР Қылмыстық кодексінің 133-бабы (Кәмелеттік жасқа толмағандарды саудалау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны