12.01.2009, 16:47 3137

Алматыда Қарағандылық кәсіпкер мен "Супер стар" байқауына қатысушы қыздың мәйіттері табылды - ІІМ

Алматыда Қарағандылық кәсіпкер мен "Супер стар" байқауына қатысушы қыздың мәйіттері табылды - ІІМ

Астана. 12 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Қарағандылық кәсіпкер мен "Супер стар" байқауына қатысушы қыздың мәйіттері табылды. Бұл туралы ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Алматыда ағымдағы жылдың 7 қаңтарында бір жер үйдің ауласынан бұған дейін хабарсыз кеткен Қарағандылық кәсіпкер мен "Супер стар" бауқауына қатысушы қыздың мәйіттері табылды ", - деді Б.Қожахметов.

Оның айтуынша, "кәсіпкер Юрий Бармин мен әнші, "Супер стар" бауқауына қатысушы Анна Шейдердің жоғалғаны туралы олардың туыстары 2008 жылдың қыркүйек айында хабарлаған". "Осы уақыт ішінде полиция жоғалған азаматтарды іздестірумен болды. Оларды ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, оны әшкерелеу үшін ІІМ-нің арнаулы жедел тергеу тобы құрылды", -деді департамент басшысы.

"ҚР ІІМ криминалдық полициясы комитетінің Оңтүстік аймақтық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Алматы қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасымен бірлесе жедел іздестіру шараларының кешенін жүзеге асыру нәтижесінде кісі ұрлау, ақша бопсалау және кісі өлтіру қылмыстары үшін төрт адамнан құралған топ құрықталды", - деді Б. Қожахметов.

Оның айтуынша, қылмыстық топтың мүшелері Ю. Бармин мен А. Шейдерді ұрлап, жәбірленушінің ұлынан 500 мың доллар мен 100 млн теңге алып, содан кейін ұрланған адамдарды өлтіріп, Алматы қаласының аумағындағы жер үйдің ауласына көміп тастағаны белгілі болды.

"Бір күдіктінің берген жауабын оны қатыстыра отырып тексеру барысында мәйіттердің көмілген жері белгілі болды. Қазір дәлел базасын бекіте түсу үшін тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Б.Қожахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны