21.09.2009, 15:15 1940

Алматыда қарақшылар тобы құрықталды

Алматыда қарақшылар тобы құрықталды

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда қарақшылар тобы ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қ.Жұмановтың айтуынша, "Алматы қаласында 15 қыркүйекте белгісіз біреулер "Toyota Land Cruiser" автокөлігінің ішіне кіріп, жүргізушіні ұрып-соғып, қала сыртына шығарып, автокөлігін тартып алған".

"Жәбірленушінің сөзінен, ол ұрланған автокөлікті тәулігіне Алматы қаласының бір жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен жалға алған (ЖШС), қызметкерлер оның GPRS спутниктік жүйесімен жарақтанғанын түсіндірді. Жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін жүргізу нәтижесінде 2 күннен кейін қылмыскерлер құрықталды. Бүгінгі күні олардың осыған ұқсас ашылмай қалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда",- деп хабарлады ІІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны