11.04.2007, 17:32 3294

Алматыда "Қару" жедел - алдын-алу шарасы өтуде, екі күн ішінде екі шолақ мылтық пен 25 оқ-дәрі тәркіленді

АЛМАТЫ. 11 - сәуір. Kazakhstan Today. Алматыда "Қару" жедел - профилактикалық іс-шарасы өтуде, екі күн ішінде екі шолақ мылтық пен 25 оқ тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қала бойынша жедел - профилактикалық іс-шарасын өткізген екі күн ішінде екі шолақ мылтық пен 25 оқ тәркіленген. Ішкі істер департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының лицензиялық-рұқсат беру қызметінің бастығы, полиция майоры Ерлан Мейманқұлов заңды тұлғалар мен азаматтар өз еркімен 75 қару және 104 оқ өткізгендігін атап өтті.

Баспасөз қызметінен белгілі болғандай, "Қару" іс-шарасының мақсаты мен міндеттері жедел ахуалды сауықтыру, қару, жарылғыш заттар қолданумен жасалған қылмыстардың алдын-алу және ашу, заңсыз сақталынған (ішкі істер органдарында тіркелмеген) қарулар мен оқ-дәрілерді анықтау және тәркілеу болып табылады.

Сонымен қатар, баспасөз қызметіндегілер, қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыру кез-келген жауапқа тартудың барлық негіздері жойылатындығын атап өтті. "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 251-бабына сәйкес қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды өз еркімен тапсырған тұлға, егер басқа да қылмыстық әрекеттерге бармаған болса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады",- деп қосты полицейлер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны