14.05.2008, 10:51 1217

Алматыда кәсіпкерлерді тапсырыспен өлтіруге қатысты екі қылмыстың беті ашылды

Алматыда кәсіпкерлерді тапсырыспен өлтіруге қатысты екі қылмыстың беті ашылды

Алматы. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда полиция қызметкерлері кәсіпкерлерді тапсырыспен өлтіруге қатысты екі қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"2007 жылы Алматыда ату қаруы қолданылған бірқатар кісі өлімдері болған. Ол қылмыстардың көбісі айқын емес қылмыстардың санатына жатқызылған. Сондықтан қызметкерлер оларға тапсырыс берілген деп есептеуге негіз болған", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, өткен жылдың күзінде Алматының Медеу ауданында кісі өлімі болған. Таңертең ерте кәсіпорындардың бірінің кеңсесіне белгісіз екі адам басып кіріп, бас директорды атып өлтіріп, компания менеджерін жаралаған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы өлімнің тапсырыс берушісіне шыққан. Тапсырыс беруші өлген адамға үлкен сомадағы ақша қарыз болғаны анықталды. Ол қарызын қайтарғысы келмей Алматы облысының тұрғыны мен Тәжікстан азаматын жалдаған. Оларға біраз көлемдегі ақша беруге уәде еткен. Жендеттер өз қылмыстарын мойындаған.

Сонымен қатар, Алматы қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері биылғы жылдың наурыз айында іске асырылған кәсіпкер өлімін ашқан. Жас жігіт Рысқұлбеков көшесінің бойындағы үйлердің бірінде атылған. Оның кеудесі мен іш қуысына 12 рет атқан.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бұл өлімнің де тапсырыс берген қылмыстар қатарына жататыны анықталды. Арнайы шаралар кешенін іске асыру кезінде жедел-іздестіру тобы тапсырыс беруші мен кәсіпкерді өлтірген қылмыскерді тұтқындаған.

Полиция қызметкерлерінің хабарлағанындай, жас жігітті оның мүлкін иелену үшін өлтірген. Кәсіпкерді өлтіргені үшін тапсырыс беруші ірі көлемдегі ақша мен курортқа апаруды уәде еткен.

Қазіргі уақытта екі оқиға бойынша да тергеу жүргізілуде. Тұтқындалғандар уақытша тергеу изоляторында жатыр, деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны