16.04.2014, 19:49 2956

Алматыда кәсіпкерліктің белсенді субъектілері 15%-ға артты - А.Есімов

Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, Мемлекет басшысының "Кәсіпкерлік қызметтің дамуы үшін қажетті жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы" Жарлығын орындау барысы талқыланды.

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan today. Кеше Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалығымен Іскерлік кеңесінің отырысы өтті.

Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, Мемлекет басшысының "Кәсіпкерлік қызметтің дамуы үшін қажетті жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы" Жарлығын орындау барысы талқыланды.

А.Есімов Алматы қаласының қадағалау-бақылайлау органдары мен мемлекеттік органдардың территориялық орталықтарында ШОБ тексеруге мораториий жираялау бойынша Жарлықты орындауға байланысты жұмысты жүргізуді тапсырды.

Шаһар басшысы атап өткендей, қала Қазақстандағы белсенді бизнес-аймақ болып табылады. Ағымдағы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша Алматы қаласында белсенді кәсіпкерлік субъектілері 120 мыңға жетіп, жыл басынан өсім 15 % құрады.

"Мелекет басшысы Ұлттық қордан Қазақстан экономикасына қолдау көрсету мақсатында 500 млрд. теңге бөлуді тапсырды. Егер, қаланың іскерлік және кәсіпкерлік белсенділік орталығы және республика бойынша ШОК өнімінің төрттен бір бөлігі өндірілетінін ескеретін болсақ, аталмыш қомақты қаржының сүбелі үлесі бізге келеді. Көрсетілген сандар Алматы қаласында жеке кәсіпкерлікті дамыту бойыншы нақты мүмкіндіктер мен өсім сапасы жетерлік екенін көрсетеді", - деді А. Есімов.

Қала басшысы атап өткендей, ШОБ тексерулердің үштен бір бөлігі оларды жоюмен байланысты. Осыған байланысты ол уәкілетті органдарға Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп кәсіпкерлікке жағдай жасау бойынша түбегейлі ұсыныстарды беруді тапсырды. Ал, жасақталған ұсыныстар ҚР Үкіметінің қарауына жіберіледі.

Келелі отырыс барысында қалалық акимат пен Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжаттың мақсаты - кәсіпкерлікті дамыту, Алматы экономикасының өсімі үшін институционалды негізді құру бойынша қызметті келісу болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны