14.06.2007, 14:23 2985

Алматыда Қазақстан аумағында ұрлық жасады деп айыпталған АҚШ азаматына қатысты сот басталды

АЛМАТЫ. 14 - маусым. Kazakhstan Today. Алматыда Қазақстан аумағында ұрлық жасады деп айыпталған АҚШ азаматы Менахем Сайденфельдке қатысты алдын ала тыңдау аяқталып, сот процессі басталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының Алмалы аудандық сотынан хабарлады.

"Сот отырысы 15-маусымда 11 сағатта Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының ғимаратында судья Зәуре Кейкібасованың төрағалығымен өтеді",- деп түсіндірді соттағылар. Істі сотқа Алматы прокуратурасы жіберген, олар Менахем Сайденфельдті Қазақстан аумағында алаяқтық және сенімге кіру жолымен ірі көлемдегі бөтен мүлікті ұрлады деп айыптап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ азаматы Менахем Сайденфельдке Қазақстан Республикасының аумағында өте ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікпен, бір жарым жылдай халықаралық іздеуде болған. Қараша айының басында ол Қазақстан Республикасының Бас прокуратураның тапсырысы бойынша Ресей аумағында құрықталып, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына берілген болатын.

Сот отырысы ашық режимде өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны