07.09.2009, 12:22 1533

Алматыда Қазақстан мен Грузия азаматтарынан бір килограмнан астам героин тәркіленді

Алматыда Қазақстан мен Грузия азаматтарынан бір килограмнан астам героин тәркіленді

Алматы. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда Қазақстан мен Грузия азаматтарынан бір килограмнан астам героин тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Есірткі саудасымен күрес басқармасының жедел ақпаратына сәйкес, жұмадан сенбіге қараған түні Қазақстан мен Грузия азаматы ұсталған. Олардан героин есірткісі тәркіленді, деп хабарлайды ІІД.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тергеу барысында "ұсталғандар Медеу ауданында өздері жалға алған пәтерде тағы да есірткі бар екенін мойындады. Жедел іздестіру шараларының барысында айғақтардың көзінше олардан құпия орында сақталған бір килограмнан астам героин табылып тәркіледі, қазір қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны