05.06.2017, 17:05 4694

Алматыда Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік рәміздері күні атап өтілді

"Біз, алматылықтар мемлекеттік рәміздердіӊ,Конституцияныӊ, ұлттық валютаныӊ Алматыда бекітілгені үшін мақтанамыз. Бұл - біздіӊ туған өлкеміздіӊ, жалпы еліміз тарихыныӊ алтын парақтары.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan Today - Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Мемлекеттік рәміздердіӊ 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Елбасы Н. И. Назарбаев 1992 жылдыӊ 4 маусымында еліміздіӊ мемлекеттік рәміздерін -Туды, Елтаӊба мен Инұранды бекіткен еді.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек шынайы патриотизм мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталатындығын айтты. Өйткені, олар мемлекеттікті, тәуелсіздікті, көп ұлтты Қазақстан халқыныӊ бірлігін білдіріп, ұлы істер мен ұлттық мақтаныштыӊ қайнар көзі болып табылады.

"Біз, алматылықтар мемлекеттік рәміздердіӊ,Конституцияныӊ, ұлттық валютаныӊ Алматыда бекітілгені үшін мақтанамыз. Бұл - біздіӊ туған өлкеміздіӊ, жалпы еліміз тарихыныӊ алтын парақтары. Мемлекеттік рәміздердіӊ тереӊ мағынасы мен мәні бар. Олар ұлттық рухты, тарих пен мәдениетті, еліміздіӊ қайталанбас ғаламат бейнесін айшықтайды. Президент айтып өткендей, жеке ұлттық кодқа айналып, кез -келген ұлтты өміршеӊ ұлтқа айналдырады. Сонымен бірге, мемлекеттік рәміздер Елбасы жариялаған жаӊару рухыныӊ баға жетпес іргетасы болумен қатар, халқымызды өрелі биіктерге жетелейді. Ал, бұл- ашықтық, өзгеріске дайын болу, болашаққа ұмтылу. Тәуелсіз Қазақстанныӊ басты мақсаты - бәсекге қабілетті дамыған елдердіӊ қатарына еніп, қуатты да айбынды елге айналу", - деді Б.Байбек.

Ол сонымен қатар өскелеӊ ұрпақ үшін мемлекеттік рәміздердіӊ тәрбиелік мәні орасан екенін де айтты. Қоғамдық сананыӊ өзгеруі ХХІ ғасырдыӊ басты мұраты- білімге, ашықтыққа, креатвитікке, прагматизмге жол ашады. Бұл - адам ретінде, ұлт ретінде фундаментальді жеӊістіӊ басты кепілі.

"Өскелеӊ жас ұрпаққа қажетті барлық жағдайды жасау -біздіӊ кезек күттірмейтін міндеттеріміз. Өздеріӊіз білесіздір, Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша биылғы, 2017 жыл Алматыда "Жастар жылы" деп жарияланды. Осыған орай, мегаполисте "Жастарға 2020 жылға дейін қолдау көрсетудіӊ Жол картасы" жасалды. Ашықтық, есеп беру қағидаларын басшылыққа ала отырып, осынау құжатты жасау барысында біз жастардыӊ ұсыныстарын негізге алдық. Жол картасы қаладағы жастар ұйымдарыныӊ арасында қызу талқыланды, Қоғамдық кеӊесте мақұлданып, қала мәслихатында бекітілді", -деді қала басшысы.

Атап өтерлік жайт, Жол картасында сапалы білім, тұрғын үй, жұмыспен қамту, тиімді "әлеуметтік лифтер", түрлі бастамаларға қолдау білдіру сияқты бүгінгі күні жастарды толғандыратын мәселелердіӊ бәрі қамтылған.

Мерекелік іс шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Алматылық жастар үшін "Мистерионс", "КешYou" топтары, Төреғали Төреәлі, Камшат Жолдыбаева, Или Окапов, Тұрар Рахимберлин, Жанна Орынбасарова, Ayree және т.б. әншілер өнерлерін көрсетті. Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік рәміздердіӊ 25 жылдығы қала бойынша аталып өтілуде,- деп хабарлайды Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны