27.04.2017, 19:08 5115

Алматыда Қазақстан Республикасыныӊ онкологтар мен радиологтарыныӊ VI Съезі басталды

Меморундумға қол қоюдыӊ нәтижелері бойынша Қазақстанда посткеӊестік кеӊістікте алғаш рет RAS биомаркерлерін анықтауға арналған "сұйық биопсия" атты жаӊа технология тәжірибеге енгізіледі

Алматы. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасыныӊ онкологтар мен радиологтарыныӊ VI Съезі басталды. Оған Қазақстан өӊірлерінен және әлемніӊ 17 елінен 500-ге жуық делегат қатысуда.
Бүгін осы іс-шара барысында ҚР ДМ Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты атынан Диляра Қайдарова мен Бельгияныӊ "Мерк" компаниясы атынан вице-президент, құрлықаралық өӊірлік директоры Яннис Влонтзосаныӊ Қазақстан Республикасыныӊ аумағында онкологиялық сырқатпен күресу саласында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға салтанатты қол қою рәсімі өтті.
Меморандумға қол қоюдыӊ нәтижелері бойынша Қазақстанда посткеӊестік кеӊістікте бірінші рет биомаркерлерді анықтаудыӊ жаӊа әдісі - "сұйық биопсия" қолданыла бастайды. Жаӊа диагностикалық әдіс жедел, мейлінше инвазивті, орындалуында қарапайым келеді, бұл мКРР бар пациенттерге таргетті терапияны тағайындау кезінде заманауи шешімдер қабылдауға септігін тигізеді.
Меморандумға сәйкес "Мерк" компаниясы жаӊа әдісті қолдануға мүмкіндік беретін, құны 50 мыӊ АҚШ долларын құрайтын құрал-жабдықты ҚР ДМ Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтына тегін табыс етті. Бұл жабдық қатерлі ісіктіӊ бұған дейін 5 күнге созылып келген диагностикалау процессін небәрі 3-4 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік бермек.
Осы оқиғаға байланысты ұйымдастырушылар таратқан баспасөз мәлімдемесін назарларыӊызға ұсынамыз:
Қазақстан посткеӊестік кеӊістікте алғашқы болып метастазалық колоректальды қатерлі ісікті (мКРР) "сұйық биопсия" көмегімен RAS биомаркерлерді анықтаудыӊ жаӊа технологиясын енгізуде.
o 2017 жылғы 26-27 сәуірде Қазақстанда Республикамыздыӊ онкологтар мен радиологтарыныӊ VI Съезд өтуде.
o Съезд аясында ҚР ДМ Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты және "Мерк" компаниясы арасында Қазақстан Республикасыныӊ аумағында онкологиялық сырқатпен күресу саласында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға салтанатты қол қою өтті.
o Меморундумға қол қоюдыӊ нәтижелері бойынша Қазақстанда посткеӊестік кеӊістікте алғаш рет RAS биомаркерлерін анықтауға арналған "сұйық биопсия" жаӊа технология тәжірибеге енгізіледі. Метастазалық колоректальды қатерлі ісік бар(мКРР) пациенттерде биомаркерлердіӊ дербес мәртебесі түсінгі - одан әрі емдеуді таӊдауға заманауи шешімдерді қабылдаудыӊ маӊызды шарты.
Қазақстан Республикасыныӊ онкологтар мен радиологтарыныӊ VI Съезі Қазақстандағы онкологиялық сырқаттарға көмек көрсету сапасын арттыруға бағытталған. Съезд барысында диагностиканыӊ және емдеудіӊ жаӊа технологиялары талқыланады, инновациялық медициналық технологиялар ұсынылады. Съездге қатысуға Қазақстанныӊ, таяу және қиыр шетел елдерініӊ жетекші мамандары шақырылды.
Съезді ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау министрлігініӊ және "Қатерлі ісікке қарсы бірге" қоғамдық қордыӊ қолдауымен "ҚР ДМ қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" ШЖҚ РМҚ, "Қазақстандық онкологтар қоғамдастығы" ҚБ.
Съезд бағдарламасыныӊ басым мәселелері - ісіктердіӊ палотогисын қоса, қатерлі ісіктер өскініӊ диагностикалау, қатерлі ісіктерді алғашқы сатысында айқындауға скринингтер жасау, дербестендіру терапияныӊ инновациялық әдістері, сәулелік терапияныӊ жоғары технологиялық әдістері және хирургияныӊ заманауи жетістіктері.
Жетекші сарапшылардыӊ қатысуы Съезд делегаттарына одан әрі Қазақстанда онкологиялық көмекті дамытуға өз үлесін қосатын, заманауи онкологияныӊ көптеген аспектілерін айқындатын, маӊызды қорытындылар мен пайдалы жаӊалықтар жасауға мүмкіндік берді.
"Біз өз құрметімізді білдіріп, өӊтүстік астана - Алматы қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасыныӊ онкологтар мен радиологтарыныӊ VI Съездініӊ қатысушыларын қошеметтейміз. Съезд барысында заманауи диагностиканыӊ маӊызды мәселелері, ересектер мен балаларда онкологиялық сырқаттарды емедеу мәселелері қаралады, инновациялық медициналық технологиялар ұсынылады, патоморфологиялық және молекулярлы-генетикалық зертханалардыӊ мүмкіндіктері ұсынылады, ауыстырып қондыру мен нейроонкология мәселелері, психикалық-әлеуметтік көмек қаралады. Отандық ғылымныӊ әрі қарай дамуына түрткі беретін, жас ғалымдар секциясы қарастырылған. Съездге қатысуға Италия, Испания, Түркия, Израиль, Ресей, Украина, Республика Беларусь, Грузия, Изірбайжан, Польша, Чехиядан және әлемніӊ басқа елдерініӊ жетекші мамандары шақырылды. Жетекші сарапшылардыӊ қатысуы соӊында Қазақстанда онкологиялық көмектіӊ дамуына үлесін қосатын, заманауи онкологияныӊ көптеген аспектілерін айқындауға, маӊызды қорытындылар мен тиімді жаӊалықтарды жасауға мүмкіндік береді. Табысты жұмыс пен алған білімдер біздіӊ дәрігерлерге зор пайда әкелетініне үміттенеміз. Еліміздіӊ барлық өӊірлерінде жоғары технологиялар енгізіледі, көмек қолжетімді және жоғары білікті болады. Біздіӊ барлық күш-жігеріміз онкологиялық көмектіӊ сапасын жақсартуға бағытталған. Съезд жұмысы онкологиялық қызметті жақсартуға әрекет ететініне және онкология саласында білімдер мен инновациялық технологияларды кіріктіру алаӊына айналатынына сенімдіміз",- деп м.ғ.д, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, ҚР Онкологтар қоғамдастығыныӊ президенті, ҚР ДМ ҚазОРҚЗИ директоры Диляра Қайдарқызы айтып өтті.
Сондай-ақ 24 сәуірде VI Съезде Диляра Қайдарова атынан ҚР ДМ Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты және Вице-президент, Құрлықаралық өӊірдіӊ директоры Яннис Влонтзоса атынан "Мерк" компаниясы арасында Қазақстан Республикасыныӊ аумағында онкологиялық сырқатпен күресу саласында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға салтанатты қол қою өтті.
Меморандумға қол қоюдыӊ нәтижелері бойынша Қазақстанда алғашқы болып посткеӊестік кеӊістікте биомаркерлерді анықтаудыӊ жаӊа әдісі - "сұйық биопсия" қолданыла бастайды. Жаӊа диагностикалық әдіс жедел, мейлінше инвазивті, орындалуында қарапайым келеді, бұл мКРР бар пациенттерге таргетті терапияны тағайындау кезінде заманауи шешімдер қабылдауға септігін тигізеді.
Idylla молекулалық диагностиканыӊ толық автоматтандырылған жүйесін ұсынады. Ол нақты уақыт режимінде расталған және сезімтал молекулалық диагностикалық талдауларды өткізуді қамтамасыз ететіндей әзірленген. Көбінесе бүгінгі таӊда бар шешімдер RAS-тыӊ еӊ таралған мутацияларын бағалайды, Idylla екі өзіндік картридждерін қолдануды шамалайтын, Idylla әдісі бойынша RAS мәртебесін бағалау, өзініӊ ерекшеліктері арқасында RAS мутациясыныӊ кеӊ спектірін айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаӊа диагностикалық әдіс RAS бағалауға арналған Idylla жүйесіне тікелей кіріктірілетін BRAF V600 мутациялық талдаулар өткізуге мүмкіндік береді; бұл клиницистарға BRAF, RAS сияқты мутациялық мәртебені бір мезгілде анықтауға мүмкіндік береді. Тек қана 2 миллилитр плазманы қажет ететін, осы зертханалық әдістіӊ міндеті жоғары сезімталдық пен қоданудыӊ қарапайымдылығынан тұрады. Осы талдаудыӊ ерекшелік есебінен зертхана маманыныӊ жұмыс уақыты 2 минуттан кем уақытты құрайды, бұл уақытында клиникалық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі таӊда аталған әдістіӊ құндылығын растау үшін бағыттастықты бағалауға қатысты зерттеу жүргізілуде.
Жаӊа әдістіӊ міндеті - нақты бір зертхананыӊ жалпы жұмыс көлемі мен тәжірибелік деӊгейіне қарамастан сұйық биопсия әдісін қолдану арқылы RAS биомаркерлерін интеграциялық бағалау жолымен клиникалық практиканы жетілдіру мүмкіндігін береді.
Метастазалық колоректальдық обыр (МКРО) анықталған пациенттердегі биомаркерлердіӊ жекеше мәртебесін түсіну - кейінгіде емдеу тәсілін таӊдау бойынша уақтылы шешімдерді қабылдау үшін маӊызды шарт.
Аталған іс-әрекетті жүзеге асыру үшін арналған арнаулы аспап ҚазОРҒЗИ -де орнатылғанын атап өтеміз.
"Сұйық биопсия - бұл онкологиялық аурулармен күресу жолындағы жаӊа сөз. Емдеу процесі мен сапасына көбінесе уақтылы және сапалы диагностика әсер ететіндігі баршаға мәлім жайт. Талдаулардыӊ дәлдігін арттыра отырып, пациенттердіӊ өмір сүру сапасын арттырамыз, дәстүрлі диагностика және ұзақ күту кезінде пайда болатын ауырсыну сезімімен байланысты жайсыздық сезімін төмендетеміз. RAS маркерлерін молекулалық диагностикалаудыӊ аталған инновациялық әдісі кеӊестік кезеӊнен кейінгі кеӊістікте Қазақстан аумағында бірінші рет қолданылуда, бүгінгі таӊда тіпті Ресейдіӊ де "сұйық биопсияны" жасау мүмкіндігі жоқ. Біз дұрыс диагностика жасап, уақтылы емдеуді бастаған жағдайда онкологиялық ауруларды жеӊуге болатындығына сенімдіміз. Аталған технология қандай да бір географиялық өӊірде орналасуына қарамастан, метастазалық колоректальдық обыр анықталған пациенттердіӊ көбіне RAS биомаркерлерін бағалау үшін "сұйық биопсияны" жасау мүмкіндігін беру жөніндегі тілегімізді іске асыру мүмкіндігін береді. Біз пациенттер мен дәрігерлерге емдеу шегінен шығатын мәселелерге қатысты қолдау көрсету бойынша өзімізге алынған міндеттемелерді іске асырудамыз - деген сөздермен "Мерк" компаниясыныӊ вице-президенті Яннис Влонтзос өзініӊ сөздерін қорытындылады.
МКРО туралы
МКРО анықталған пациенттердіӊ шамамен алғанда жартысында RAS бойынша ісіктіӊ мутанттық емес ("жабайы") мәртебесі байқалады, ал қалған пациенттерде - RAS бойынша ісіктіӊ мутанттық мәртебесі [1]. МКРО кезінде RAS мутациясыныӊ мәртебесі бағаланған зерттеулердіӊ нәтижелері өсудіӊ эпидермиялық факторы (EGFR) рецепторларына көпклоналды антиденелерді, оныӊ ішінде ЭрбитуксИ (цетуксимаба) препаратын [2-6] қолдану кезінде МКРО RAS "жабайы" түрімен ауыратын науқастарда клиникалық нәтижені жақсарту мүмкіндігі туындайтындығын көрсетеді. Колоректальдық обыр (КРО) - әлемде таралуы бойынша үшінші орынды алатын қатерлі ісік; сырқаттанушылар саны - жылына 1,36 млн жаӊа жағдайдан көп [7]. Болжамды есептерге сәйкес әрбір жыл сайын КРО -дан шамамен алғанда 694 000 адам қайтыс болады, бұл қатерлі ісіктермен байланысты барлық өлім жағдайларыныӊ 8,5% -ын құрайды; осылайша, аталған ауру онкологиядан өлім ішінде маӊыздылығы бойынша төртінші орынға ие болады [7]. Дамыған елдерде КРО-ныӊ 55% жағдайын дерлік диагностикалауға болады, сондай-ақ ер адамдар арасындағы сырқаттанушылық және өлім деӊгейі әйелдермен салыстырғанда жоғары болып табылады[7].
Қолданылған әдебиеттер
1. Vaughn CP, et al. Genes Chromosomes Cancer. 2011;50(5):307?12.
2. Douillard J-Y, et al. N Engl J Med 2013;369(11):1023-34.
3. Schwartzberg LS, et al. J Clin Oncol 2014; March 31 [Epub ahead of print]. Available online: http://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/24687833. Last accessed January 2016.
4. Bokemeyer C, et al. Oral presentation at the 2014 American Society of Clinical Oncology Annual Meeting, May 30-June 3, 2014.
5. Stintzing S, et al. European Cancer Congress 2013:Abstract No:LBA17.
6. Ciardiello F, et al. Oral presentation at the 2014 American Society of Clinical Oncology Annual Meeting, May 30-June 3, 2014.
7. Ferlay J, Soerjomataram I, Ervik M, Dikshit R, Eser S, Mathers C, Rebelo M, Parkin DM, Forman D, Bray, F. GLOBOCAN 2012 v1.0, Cancer Incidence and Mortality Worldwide: IARC CancerBase No. 11 [Internet]. Lyon, France: International Agency for Research on Cancer; 2013. Available at: http://globocan.iarc.fr. Last accessed January 2016.
Idylla платформасы туралы
"Биокартис" компаниясы әзірлеген Idylla кез келген жерде және кез келген уақытта клиникалық молекулалық-диагностикалық ақпаратқа жеӊіл және жедел қолжетімділік беретін, толықтай автоматтандырылған және нақты уақыт режімінде ПТР негізделген молекулалық диагностикалау жүйесі болып табылады. Idylla платформасы 35 -тен 150 минутқа дейінгі уақыт аралығында "үлгіден нәтижеге" дейін толық циклды қамтиды, бұл ретте қолмен жұмыс жасауға 2 минуттан кем уақыт жұмсалады. Idylla платформасы РНҚ мен ДНҚ талдау мүмкіндігін бере отырып, әртүрлі клиникалық үлгілердіӊ кеӊ спектріне қатысты қолданылады. Толықтай интеграцияланған жүйе клиникалық зертханаларға онкологиялық және инфекциялық аурулар, сондай-ақ көптеген басқа көрсетілімдер бойынша талдаулардыӊ кеӊ спектрін жасау мүмкіндігін береді. Idylla жүйесініӊ көмегімен жасалған алғашқы диагностикалық талдаулардыӊ бірі - метастазалық меланома кезіндегі BRAF мутациясына жасалған талдау және колоректальдық обыр кезіндегі KRAS мутациясына жасалған талдау, инфекциялық ауруларға арналған алғашқы диагностикалық әдіспен бірге - Idylla CE-IVD сертификатын алған Janssen Diagnostics компаниясымен бірлесіп респираторлық ауруларды диагностикалаудыӊ (грипп вирусын және респираторлық-синцитиальдық вирусты анықтау үшін, IFV-RSV) кешенді жүйесін әзірледі. Қосымша ақпарат www.idylla.com веб-сайтында берілген.
"Мерк" компаниясы туралы
"Мерк" - денсаулық сақтау, лайф сайнс және жоғары технологиялық материалдар саласында жұмыс істейтін жетекші ғылыми-технологиялық компания. "Мерк" компаниясыныӊ 50 000 астам қызметкері барша әлем бойынша онкологиялық аурулар мен шашыраӊқы склерозды емдеу үшін биофармацевтикалық терапияны құрудан бастап ғылыми зерттеулер, смартфондар мен СК-теледидарлар үшін инновациялық жүйелерді әзірлеуге дейінгі адамныӊ өмір сүру сапасын арттыратын технологияларды әзірлейді. 2015 жылы компанияныӊ 66 елдегі сату көлемі И12,85 миллиардты құрады.
1668 жылы құрылған "Мерк" әлемдегі еӊ көне химиялық-фармацевтикалық компаниялардыӊ бірі болып табылады. Бүгінгі таӊға дейін акциялардыӊ бақылау пакеті (70%) құрылтайшы жанұяға тиесілі. Merck (Дармштадт, Германия) Merck сауда белгісін және брендін пайдалану бойынша әлемдік құқыққа ие. Компания өз қызметін тек Канада мен Америка Құрама Штаттарында ғана "ЕМД Сероно" (EMD Serono), "МиллипорСигма" (MilliporeSigma), "ЕМД Жоғары технологиялық материалдар" (EMD Performance Materials) ретінде атқарады.
Онкология және радиология ҚазҒЗИ туралы
Онкология және радиология Қазақ ҒЗИ емханасы онкологиялық емделушілерге диагностикалық және емдік көмек көрсетуге арналған Қазақстан Республикасындағы алдыӊғы қатарлы ұйым, сондай-ақ онкология және сәулелік терапия бойынша кадрларды даярлау мен қайта даярлауға арналған клиникалық база болып табылады. Емханада ҚР жетекші мамандары, оныӊ ішінде 6 профессор, 16 медициналық ғылымдар докторы, 32 медициналық ғылымдар кандидаты, жоғары санатты 61 маман консультативтік- диагностикалық көмек көрсетеді. 5 емханалық кеӊес жұмыс істейді: хирургиялық, радиологиялық, химиотерапевтік, диагностикалық, бикелік.
Емхана ТМККК көрсету үшін 430 керуетке кеӊ дамыған, онда жыл сайын 9500 артық емделуші ем алады. Медициналық көмек көрсету онкологиялық аурулардыӊ барлық түрлерін қамтиды. Емханада қатерлі жаӊа түзілімдердіӊ берілген түрлерімен науқастарға көмек көрсетуде жалғыз болып табылатын бөлімшелер жұмыс істейді. Бұл бас және мойын ісіктері бөлімшесі, сүйек және жұмсақ тіндер ісіктері бөлімшесі, онкоурология бөлімшесі, балалар онкологиясы бөлімшесі. Біздіӊ емханамызда ісіктердіӊ барлық орналасуы кезінде жылына 2500- ге дейін оперативтік араласулардыӊ еӊ күрделі түрлері орындалады, тек осында ғана жоғары технологиялық сәулелік терапия (конформдық, стереотаксикалықя, IMRT,IGRT,RapidArc), және қатерлі ісіктер кезінде жоғары дозалы химиотерапия, гемобластоздар кезінде сүйек кемігініӊ гемопоэтикалық жасушаларыныӊ аутологиялық трасплантациясы жүргізіледі.
Емхана ісіктік процестерге толыққанды және тереӊдетілген диагностикалау жүргізу және емдеу үшін соӊғы буынды заманауи жабдықпен жабдықталған. Институттыӊ заманауи зертханалары жалпы клиникалықтар молекулалық- генетикалыққа дейін зертханалық зерттеулердіӊ барлық түрлерін орындайды. Телемедициналық желі қашықтықтан консультациялар көрсетуге және ҚР барлық өӊірлерімен клиникалық талдаулар жүргізуге мүмкіндік береді.
Емделушілерге психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі институт емделушілеріне психологиялық- әлеуметтік және консультативтік көмек және ҚР- да бұл бағытты дамытуда ұйымдастырушылық- әдістемелік көмек көрсетеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны