16.02.2018, 17:43 6630

Алматыда Қазақстандағы БҰҰ-ныӊ алғашқы өкілдігі ашылуыныӊ 25 жылдығы атап өтілді

Бүгін Алматыда "Қазақстан-БҰҰ: тәжірибе, жетістіктер мен ынтымақтастықтыӊ келешегі" атты жоғары деӊгейдегі арнайы кеӊес аясында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек пен сыртқы істер министрі Қайрат Ибдірахманов Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ныӊ 25 жылдық қызметіне арналған естелік тақтаны салтанатты түрде ашты

Алматы. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда "Қазақстан-БҰҰ: тәжірибе, жетістіктер мен ынтымақтастықтыӊ келешегі" атты жоғары деӊгейдегі арнайы кеӊес аясында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек пен сыртқы істер министрі Қайрат Ибдірахманов Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ныӊ 25 жылдық қызметіне арналған естелік тақтаны салтанатты түрде ашты.

Өзініӊ сөзінде Бауыржан Байбек ЭЫДҰ стандарттарына сай қалада "Алматы-2020" бағдарламасыныӊ белсенді түрде қолға алынғанын, сонымен қатар батыстық стандарт бойынша ашық, жайлы әрі қолайлы кеӊістік қалытастыру барысында жүйелі оӊ өзгерістердіӊ жүріп жатқанын айтты. Бизнесті жеӊіл жүргізу, инвестиция тарту үшін барлық жағдайлар жасалуда. БҰҰ-ныӊ даму Бағдарламасымен бірге "Тұрақты көлік" жобасы ойдағыдай жүзеге асуда.

"Бүгінгі күні Алматыда еліміздіӊ біріккен кәсіпорындарыныӊ 40% жұмыс істейді және халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялардыӊ 60-тан астам офисі ашылған. Ұйымныӊ Қазақстандағы қызметініӊ 25 жылдығы барысында БҰҰ-ныӊ өӊірлік Хабын күзде ашудыӊ жоспарлануы Қазақстанмен серіктестіктіӊ жаӊа тарихи жеӊісі болатындығы сөзсіз", - деп атап өтті Б.Байбек.

Алматы әкімі Қазақстанда БҰҰ-ныӊ алғашққы Офисі ашылуыныӊ 25 жылдығымен құттықтады және қаладағы түрлі шараларды өткізуге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Өткен жылы Алматыныӊ 1000 жылдығы ЮНЕСКО-ныӊ айтулы оқиғалар Күнтізбесіне енді, сонымен қатар мегаполис осы ұйымныӊ креатиті қалалар Жүйесіне қосылды. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымымен тығыз байланыстыӊ арқасында Алматыда 2016 жылы БДҰ-ныӊ Европалық бюросыныӊ Офисі ашылды. Алматы Орталық Азиядағы "Салауатты қала" жүйесіне енген алғашқы қала болып табылады. Алматы декларациясыныӊ 40 жылдығына арналған Конференция биылғы жылдыӊ тарихи оқиғасына айналады.

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Ибдірахманов Біріккен Ұлттар Ұйымына қосылған кезден бастап Қазақстан оныӊ белсенді мүшесі әрі сенімді серігі болғанын атап өтті.

"БҰҰ ұйымдары мен бағдарламалары Қазақстанныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып,бұл дәстүрді жалғастыруда. Сонымен бірге, БҰҰ біздіӊ елімізге бұрынғы Семей ядролық полигонын сауықтыру, Арал теӊізін қалпына келтіру секілді маӊызды жобалар аясында техникалық және қаржылық көмек көрсетті",- деді Қ. Ибдірахманов.

Өз кезегінде БҰҰныӊ Орта Азия бойынша Бас хатшысыныӊ арнайы өкілі Наталья Герман Қазақстанныӊ адами саладағы маӊызды мәселелерді шешуде үлкен күш жұмсап келе жатқанын ерекше атап өтті.

"Қазақстан БҰҰ-мен ынтымақтастықта жоғары деӊгейге қол жеткізді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ антитеррорлық коалиция құру бастамасы әлем үшін өте маӊызды, өйткені мұнда терроризмге орын жоқ. Қазақстанныӊ қарусыздану және ядролық қаруды таратпау жөніндегі әлемдегі рөлі өте жоғары. Мен бейбітшілікті қалайтын барлық қазақстандықтарға алғыс айтамын", - деді Наталья Герман.

Айтулы шараға БҰҰ-ы жанындағы ҚР алғашқы тұрақты өкілі, бұрынғы ҚР Сыртқы істер министрі Ақмарал Арыстанбекова, ҚР БҰҰ-ныӊ үйлестіруші -резиденті Норимаса Шимомура, БҰҰ-ныӊ өкілдері және басқалары қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны