31.03.2009, 15:10 6230

Алматыда "Қазтранскомсервис" директоры 19 жылға бас бостандығынан айрылды

Алматыда "Қазтранскомсервис" директоры 19 жылға бас бостандығынан айрылды

Алматы. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда "Қазтранскомсервис" директоры Сергей Цой 19 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қазтранскомсервис" директоры Сергей Цойды 19 жылға бас бостандығынан айыру, басшылық қызметке тағайындалу құқығынан 4 жыл мерзімге айыру, 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салу, мүлкін тәркілеу және жазаны қатаң тәртіпті абақтыда өтеу жөніндегі үкім заңды күшіне енді.

Баспасөз қызметі еске салғандай, С. Цой, "Қазтранскомсервис" директоры әрі құрылтайшысы бола тұра, ірі көлемдегі мүлікті ұрлаған, өзіне құқық беріп, міндеттемеден босататын ресми құжатты қолдан жасаған, сондай-ақ, жиынтық жылдық кіріс туралы декларацияны тапсырмау арқылы мемлекеттік бюджетке салық төлеуден жалтарған.

2009 жылдың 14 қаңтарында адвокат Н. Өстеміров пен қоғамдық қорғаушы Н. Филипповадан С. Цойдың мүддесіне орай апелляциялық шағым келіп түсті.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, апелляциялық сатыға қатысқан прокурор сотқа үкімді өзгеріссіз қалдыруға бағдар берді.

Алматы қалалық соты алқасының 2009 жылдың 26 наурызындағы қаулысымен Алмалы аудандық сотының 2008 жылдың 31 желтоқсанындағы үкімі өзгеріссіз қалдырылып, сотталғанның апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, үкім заңды күшіне енді.

Еске сала кетейік, салынып жатқан "Тристар" тұрғын үй кешеніне үлес қосқан 80-нен астам отбасы құрылысты салушы "Қазтранскомсервис" компаниясы банкрот деп танылған соң ақшасынан да, үйлерінен де айрылып қалған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны