09.10.2008, 17:27 3169

Алматыда кеден қызметкерлері 10 айда валюта контрабандасына жасалған 27 әрекетке тосқауыл қойды

Алматыда кеден қызметкерлері 10 айда валюта контрабандасына жасалған 27 әрекетке тосқауыл қойды

Алматы. 9 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері 10 айда валюта контрабандасына жасалған 27 әрекетке тосқауыл қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тек ағымдағы жылдың 10 айында экономикалық контрабандаға қатысты 27 дерек бойынша $1,4 млн, 49 мың евро, 525 мың корей воны, 4 мыңнан астам қытай юанін алып шығудың жолы кесілді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, салмағы 90 килограмм зергерлік бұйымдары Қазақстан аумағына рәсімдеусіз заңсыз енгізуге байланысты тәркіленді.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, ағымдағы жылдың 4 қазанында Алматы қаласының халықаралық әуежайында валюта контрабадасының жолы кесілген. "Алматы-Үрімжі бағытындағы рейс жолаушыларын тіркеу кезінде "Жетісу" кеден бекетінің қызметкерлері Қазақстан азаматынан декларацияда көрсетілмеген 29 900 АҚШ долларын тауып, тәркілеген",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер. Тағы осы рейстің бір жолаушысы 20 мың АҚШ доларын алып өтпек болған.

"Ал 6 қазанда Алматы - Шаржа рейсін тіркеген кезде біріккен Араб Имірліктеріне $46 мың алып өтпек болған екі азамат ұсталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны