04.06.2007, 10:43 1697

Алматыда ҚХР азаматы жалға алған пәтерде ұрлық жасалды

АСТАНА. 4-маусым. Kazakhstan Today. Алматыда ҚХР азаматы жалға алған пәтерде ұрлық жасалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ ақпарат және бұқарамен байланыс орталығынан хабарлады.

Тонаушылық оқиғасы жексенбі күні күндізгі уақытта Алмалы ауданында жасалған. ІІМ ақпаратына сәйкес, "Гранит" ЖШС директоры болып табылатын Қытай азаматының 1,5 млн теңгесі, 21 мың АҚШ доллары мен жеке мүліктері ұрланған. Шығынның жалпы көлемі 4 млн 380 мың теңгені құрады.

Сол күні Қожамқұлов көшесінде тұратын Алматылық әйел тағы бір ұрлықтың құрбанына айналды. "Белгісіз біреулер кілт сәйкестіру жолымен 1 млн 178 мың теңге, $13,4 мың, 1,5 мың евро мен 250 фунт стерлинг ұрлаған". "Жалпы шығын көлемі 3 млн 122 мың теңгені құрады",- дейді полициядағылар.

Аталған деректер бойынша қазір тергеу-тексеру жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны