08.07.2009, 16:08 2951

Алматыда қылмыскерді ұстау барысында ОҚО ІІД-нің қызметкері қаза тапты

Алматыда қылмыскерді ұстау барысында ОҚО ІІД-нің қызметкері қаза тапты

Шымкент. 8 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда қылмыскерді ұстау барысында ОҚО ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкері қаза тауып, оның әріптесі жараланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі құқық қорғау органдарындағы сенімді ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, бүгін түнде 23 жастағы полиция қызметкері қылмыскерді ұстау барысында пышақ жарақатынан қаза тапты. Оның әріптесі ауыр жарақаттанып, қазір жан сақтау бөлімшесінде жатыр. Ақпарат көзінің хабарлауынша, ОҚО ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының екі қызметкері Алматыда жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру үшін қызметтік іссапарда жүрген.

ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растай келе қазір ОҚО ІІД-нің бір топ қызметкері болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматыға қарай шыққанын хабарлады. "Қосымша ақпарат жуырда таратылады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны