28.12.2009, 18:25 2886

Алматыда қырғыз журналисін өлтіруге қатысы бар Қырғызстан азаматтары анықталды

Алматыда қырғыз журналисін өлтіруге қатысы бар Қырғызстан азаматтары анықталды

Астана. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Полиция Алматыда қырғыз журналисі Геннадий Павлюкті өлтіруге қатысы бар Қырғызстан азаматтарын анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ІІМ хабарламасына сілтеме жасап.

"Алматыда осы жылдың 16 желтоқсанында Қырғыз Республикасының азаматы Геннадий Павлюкті өлтіруге қатысты жүргізілген жедел тергеу шараларының нәтижесінде ҚР ІІМ осы қылмысқа қатысы бар Қырғызстанның бірнеше азаматын анықтады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Құқықтық көмек және құқықтық қарым-қатынастар жөніндегі Кишинев конвенциясына сәйкес, бұған дейін қозғалған қылмыстық іс аясында қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, қылмыстық істі одан әрі тергеу және әділеттілік орнатылуы үшін Қырғыз жағының құқық қорғау органдарына қылмысқа қатысты жиналған материалдар мен дәлелдерді беру мәселесі шешілу үстінде", - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыдағы орталық клиникалық ауруханада жатқан қырғыз журналисі, "Белый пароход" газетінің негізін қалаушы Геннадий Павлюк 22 желтоқсанда қайтыс болды.

Изірге себебі белгісіз жағдайда ол Алматыға келген жерінен Фурманов көшесіндегі бір тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы терезеден құлаған. Ауыр жарақат алған журналист үйдің кіреберісінің жанынан табылған. Ол Алматыдағы орталық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған көп жерінен қабырғалары сынған және басынан жарақаттанған деген диагноз қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны