28.12.2007, 18:02 2987

Алматыда қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың саны 14 пайызға төмендеген

Алматыда қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың саны 14 пайызға төмендеген

Алматы. 28-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда үстіміздегі жылы қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың саны 14 пайызға төмендеген. Бұл туралы бүгін өткен брифингте қаланың ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғынбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Алматы қаласының ішкі істер департаменті бастығының айтуынша, қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар санының төмендеуіне 20 стационарлық полиция посттарын орнатып, жаяу патруль ұйымдастырудың арқасында қол жетіп отыр.

"Патрульдік полицейлер жүретін бағыттар бойынша бізде оң нәтижелер бар. Нарядтардың жиі болуы есебінен біз қоғамдық орындардағы қылмыстар санының азайуына қол жеткіздік. Бүгінгі күнде біз жыл аяғында қылмыстың 14 пайызға төмендегендігін айта аламыз",- деді Ерлан Тұрғынбаев.

Оның айтуынша, үстіміздегі жылы полицейлер 500 кг жуық есірткі, соның ішінде 23 кг героин тәркілеген. "Жыл басынан бері жұмыс істеп келе жатқан 32 түнгі клубтардың қазірде 24-і жұмыс істейді, олар барлығы полицейлердің қадағалауында. Біз түнгі клубтарда есіртікі тарату және оны пайдаланудың ең төменгі көрсеткішіне қол жеткізгендімізді сеніммен айта аламын"-деп қосты ол.

"Наркотрафиктің бағыттары Алматыдан облыстарға ауды, сондықтан да алмытылық полицейлер тарапынан тәркіленген есіртікінің саны өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмен",- деп аяқтады ол өз сөзін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны