04.03.2008, 10:47 1098

Алматыда "Көктем-2008" командалық-штабтық жаттығулар өткізіледі

Алматыда "Көктем-2008" командалық-штабтық жаттығулар өткізіледі

Алматы. 4-наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда наурыздың 3 - 5 аралығында "Көктем-2008" командалық-штабтық жаттығулар өткізіледі, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қалалық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттардың алдын алу мен салдарын жоюды ұйымдастыру департаментінің баспасөз орталығына сілтеме жасай отырып.

"Жаттығу мақсатына басқару, жариялау және байланыс жүйелерін ұйымдастыруды тексеру, сондай-ақ, тасқын жағдайында төтенше жағдай салдарын жою бойынша құтқару және өзге де қажетті жұмыстарға дайындалу және жүргізу бойынша күш пен құралдардың өзара ықпалдастығын тексеру жатады", - деп хабарлайды баспасөз орталығы.

Жаттығу барысында "Алматы қалалық құтқару қызметі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының инженерлік қорғаныс ұшқыр отрядының инженерлік және арнайы техникасын пайдалана отырып Алматы өзендерінің тасқын қаупі жоғары бөліктерін тазалау бойынша жұмыстарды орындау жайы пысықталатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны