11.07.2007, 17:04 2937

Алматыда көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қалалық комиссияның хатшысы жүргізушілерге арнаулы куәліктерді заңсыз берген - ІІД

АЛМАТЫ. 11-шілде. Kazakhstan Today. Алматыда көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қалалық комиссияның хатшысы жүргізушілерге арнаулы куәліктерді заңсыз берген, оларды жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жүктелетін жауапкершіліктен құтылып кету үшін жол полициясы қызметкерлеріне көрсететін болған. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, жол полициясының инспекторлары 6-шілде күні түнде жылдамдық ережелерін бұзған бір автокөлікті тоқтатқан. Көлікті TS "Стройинвест" ЖШС-нің коммерциялық директоры айдап келе жатқан.

"Көлікті мас күйінде айдап келе жатқан ер адам жауапкершіліктен жалтарып кету үшін тәртіп сақшыларына көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қалалық комиссияның арнаулы үлгідегі қызметтік куәлігін көрсеткен", - делінген баспасөз қызметінің түсініктемесінде.

Полицейлердің анықтағанындай, куәлікті комиссияның хатшысы Игорь Ключников берген. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жалпы алғанда қалалық комиссияның қызметкері 44 адамды құтқарушы "корочкалармен" білермендікпен қамтамасыз еткен. "Осыған байланысты Алматы қалалық ІІД-нің бастығы Ерлан Тұрғымбаев жол полициясы қызметкерлеріне әкімшілік жауапкершіліктен жалтарып кету мақсатында пайдаланылатын куәліктерді тәркілеп алуға тапсырма берді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Тәртіп сақшылары қазіргі жағдаймен осындай арнаулы үлгідегі 5 куәлікті тәркілеп алған.

Икім Иманғали Тасмағамбетовтың шешімімен И. Ключников көліктегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның хатшысы қызметінен босатылды, өйткені, аталмыш комиссия таратылған, деп хабарлайды мекеме.

ІІД-нің түсіндіруінше, жол полициясы қызметкерлері жол қозғалысы ережелері мен жалдамдық ережелерін бұзғандарды, соның ішінде көлікті мас күйінде айдағандарды анықтау үшін апта сайын рейд өткізуде. "Тек өткен демалыс күндері жол полициясы қызметкерлері көлікті мас күйінде айдап жүрген 100-ден астам жүргізушіні ұстады", - деп хабарлайды тәртіп сақшылары. 6 айда осындай 4903 жүргізуші анықталып, олардың 2138-і көлік жүргізу құқығынан айрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны