25.08.2010, 16:00 3813

Алматыда көлікті қою және тоқтау ережелерін бұзғандар анықталуда - ІІД ЖПБ

Алматыда 23 - 25 тамыз аралығында "Парковка" атты алдын алу іс шаралары жүргізіліп, полицейлер көлікті қою және тоқтау ережелерін бұзғандар анықталуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 25 - тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда 23 - 25 тамыз аралығында "Парковка" атты алдын алу іс шаралары жүргізіліп, полицейлер көлікті қою және тоқтау ережелерін бұзғандар анықталуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлікті қою ережесін бұзу "апаттық жағдайларды, көлік кептелісін тудырады".

"Бүгінгі күнде бөлімше қызметкерлері тәртіп бұзушыларды анықтауда",- деп атап өтті Алматы қаласы ІІД жол полициясы басқармасыныңбастығы Арман Сарбасов.

А. Сарбасовтың айтуынша, "ЖПБ инспекторлары жыл басынан бері Алматыда 5 мыңға жуық заң бұзушылықтарды анықтаған. Аталмыш тәртіпті бұзғандар әкімшілік жазаға тартылып, оларға 7 АЕК көлемінде айыппұл салынады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны