22.07.2014, 19:30 3156

Алматыда колледж студенттеріне арналған инновациялық білім беру жобасы іске қосылды - ҰКП

"I-SEED: инновациялар - әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру" жобасы Қазақстанның әлеуметтік жаңғыру жобасын негізге ала отырып жасақталған.

Алматы. 22 шілде. Kazakhstan today. Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы Британ кеңесімен бірлесіп, "Шеврон" корпорациясының қолдауымен колледж студенттеріне арналған инновациялық білім беру жобасын іске қосты, - деп ҚР ҰКП ресми порталы хабарлады.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының ТжҚБ бөлімінің сарапшылары British Council (Британдық Кеңес) өкілдерімен кездесті. Жұмыс кездесуі "I-SEED: инновациялар - әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру" бірлескен жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Жоба табысты мансап құруда жастардың білімін жетілдіруге, өз-өздерін дамытуға бағытталған.

Аталмыш жобаны Шеврон компаниясы қаржыландырып отыр. Мамыр мен маусым айлары аралығында қатысушылар, яғни колледж студенттері (50 адам) жобалау менеджменті, мансапты жоспарлау сынды бірқатар қажетті қасиеттер бойынша арнайы тренингтен өтті.

"I-SEED: инновациялар - әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру" жобасы Қазақстанның әлеуметтік жаңғыру жобасын негізге ала отырып жасақталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны