07.10.2016, 12:44 3979

Алматыда ҚР балалар дәрігерлерініӊ VIII съезі басталды

Съезд аясында ҚР Ұлттық ғылым академиясыныӊ академигі Камал Ормантаевты 80 жылдық мерейтойымен құттықтау жоспарланып отыр. Ол тек балалар хирургиясына ғана емес, еліміздіӊ барлық педиатриялық қызметіне баға жетпес үлес қосты.

Астана. 7 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда аймақтардағы педиатрлардыӊ, ҚР ДСИДМ штаттан тыс қызметкерлерініӊ, Қазақстан, Ресей және өзге де ТМД елдерініӊ әртүрлі салаларындағы жетекші мамандардыӊ қатысуымен ҚР балалар дәрігерлерініӊ VIII съезі басталды.

Шараны ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мен Қазақстан педиатрларыныӊ одағы ұйымдастырып отыр.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі хабарлағандай, форум қатысушыларыныӊ алдында сөз сөйлеген ҚР ДСИДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті басшысыныӊ орынбасары Роза Қуанышбекова Съезд өткізілгеннен бері 4 жылда Қазақстанда балалардыӊ денсаулығын қорғау деӊгейін арттыру бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілгенін атап айтты. Диагностикалау мен емдеудіӊ жоғары технологиялы, заманауи тәсілдері енгізіліп, педиатрлық және т.б. бағыттағы медициналық кадрларын дайындау процесі жетілдірілді.

"Мемлекет басшысы өзініӊ "Қазақстан-2050" стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттіӊ жаӊа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында ана мен баланы қорғау - жаӊа кезеӊдегі әлеуметтік саясаттыӊ маӊызды құрамдас бөлігі екенін мәлімдеген болатын. Аталған бағыттарды іске асыру ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмекті әрі қарай аймақтандыруға, балаларға кешенді медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуге негізделген босандыру мен балалар қызметтерініӊ біріктірілген үлгісін енгізу арқылы жүзеге асырылады", - деді Роза Қуанышбекова.

Ол аталған бағытта көрсетілетін медициналық көмектіӊ өз бағдары аясында барлық деӊгейде тиімділік пен сапаны қамтамасыз ету, бақылау бойынша республикалық емханалардыӊ, ғылыми орталықтардыӊ, ғылыми-зерттеу институттарыныӊ жауапкершілігі күшейтілгенін атап айтты.

"Сонымен қатар, ҒЗИ ғалымдары да аймақтардағы медициналық қызметкерлерге халықпен жұмыс істеуде (тіпті аудан деӊгейінде) қажетті консультативтік, әдістемелік, және практикалық көмек көрсетеді", - деп хабарлады ҚР ДСИДМ өкілі.

Пленарлық отырыста бала және нәресте өлімін әрі қарай төмендету; перинаталды патологияларды емдеу мен оныӊ диагностикасы, профилактикасы; алғашқы медициналық-санитарлық медициналық көмек деӊгейіндегі балаларға көрсетілетін медициналық көмектіӊ нәтижелілігі мен сабақтастығын, сапасын арттыру; хирургиялық патологиялары бар балаларға көрсетілетін медициналық көмектіӊ жоғары технологиялық жаӊа түрлерін енгізу; педиатриялық ғылымды дамыту және балалар мен репродуктивті жастағы әйелдердіӊ денсаулығын қорғау қызметіне инновациялық технологияларды енгізу, еліміздіӊ ЖОО-да педиатриялық кадрларды даярлау және т.б.

7 қазанда панельдік секцияларда балалар гемотологиясы, онкологиясы мен иммунологиясыныӊ, ревмотология, кардиология мен балалар хирургиясыныӊ, тыныс алу мүшелері мен зат алмасудыӊ туабітті патологиясы мәселелері қарастырылатын болады.

Съезд аясында ҚР Ұлттық ғылым академиясыныӊ академигі Камал Ормантаевты 80 жылдық мерейтойымен құттықтау жоспарланып отыр. Ол тек балалар хирургиясына ғана емес, еліміздіӊ барлық педиатриялық қызметіне баға жетпес үлес қосты.

Сонымен бірге, заманауи дәрілік заттар мен балалар тағамыныӊ, медициналық мақсаттағы бұйымдар, жаӊа ақпараттық және медициналық технологиялар жәрмеӊкесі өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны