15.04.2014, 20:30 6604

Алматыда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің бөлімшесі ашылды

Алматы бөлімшесіндегі алғашқы брифинг Алматы қаласы мен Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен өтті.

Алматы. 15 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін Алматыда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі бөлімшесінің ашылуы өтті.

"Бірінші кезекте, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовке, Сергей Куянов мырзаға және Алматы қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің бөлімшесінің ашылуына қолдау білдіріп, көмек көрсеткендері үшін алғысымызды білдіруге рұқсат етіңіздер", - деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз қызметкері Болат Садықов.

Алматы бөлімшесіндегі алғашқы брифинг Алматы қаласы мен Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен өтті.

Алматы Корей ұлттық орталығы төрағасының орынбасары, ҚХА ғылыми-сараптама кеңесі мүшесі Георгий Кан, Алматы қалалық Түрік мәдени бірлестігінің төраға орынбасары Қазақбай Қасымов, "Қазақстанның ұйғыр респубикалық мәдени орталығы" басқарма мүшесі Рахилям Махпирова мен Алматы облыстық Грек қауымдастығы төрағасы Георгий Иорданиди Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясына дайындық барысы туралы әңгімеледі.

Айта кету керек, аталмыш брифинг 24.kz арнасынан көрсетіледі және Strategy2050.kz, Ortcom.kz, Bnews.kz және Tengrinews.kz ғаламтор порталдары арқылы да көпшілік назарына ұсынылады.

Б.Садықовтың айтуынша, енді Алматы қаласындағы ОКҚ бөлімшесінде ай сайын брифинг ұйымдастырылмақ.

ОКҚ Алматы қалалық бөлімшесі "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплині кешенінің ғимаратында орналасқан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны