19.02.2007, 18:23 3256

Алматыда "Құқық және тәртіп" жедел - алдын-алу іс-шарасы аясындағы бес күнде республика аумағында заңсыз жүрген 754 шетелдік анықталған

АЛМАТЫ. 19-ақпан. Kazakhstan Today. Алматыда "Құқық және тәртіп" жедел - алдын-алу іс-шарасы аясындағы бес күнде республика аумағында заңсыз жүрген немесе заңсыз жұмыс істеген 754 шетелдік азамат анықталған. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары Марат Күзембаев хабарлады.

Қазіргі уақытта ТМД елдерінен заңсыз келген 644 адам мен алыс шетелдерден келген 110 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

"Заңсыз жүрген азаматтар негізінен құрылыс нысандарында жұмыс істейді. Икімшілік тәжірибеге сәйкес, компанияларды Икімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 395-бабы бойынша жазалайды. Кеше "Құрауқұрлыс" ұйымына заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін 300 айлық есеп көрсеткіші көлемінде айыппұл салынды",-деді М. Күзембаев.

Сонымен қатар, іс-шара барысында ТМД елдерінің 295 азаматы мен үш шетелдік -Түркияның бір азаматы мен Қытай Халық Республикасының екі азаматы аты-жөнін анықтау үшін Алматы қаласындағы қабылдап- таратқышқа қамалды, деп түсіндірді көші-қон полициясының басқармасындағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны