09.08.2010, 18:02 3635

Алматыда мейрамханалардың бірінің тұрағында болған төбелестен үш адам мерт болды

Алматыда мейрамханалардың бірінің тұрағында болған төбелестен үш адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 9-тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда мейрамханалардың бірінің тұрағында болған төбелестен үш адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6-тамыз күні Алматы қаласының Медеу ауданындағы "Самарқанд" мейрамханасының ішкі көлік тұрағында төбелес шыққан. "Мейрамхана директорының күзетшілері мен олардың таныстары арасында болған ұрыс-керіс төбелеске ұласқан. Жарақат алғандар қалалық емханаға жеткізілген. Ауыр дене жарақатын алған үш адам емханада көз жұмды",- деп хабарлайыд баспасөз қызметінен.

Полицияның мәліметтеріне сүйенсек, адам өліміне әкеп соқтырған бұзақылық жасады деген күдікпен екі адам құрықталған.

"Қазіргі уақытта Алматы қаласының ІІД-де арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Аталмыш оқиғаға қатысы бар деген күдікпен "Самарқанд" мейрамханасының директоры мен күзет басшысы ұсталды. Тағы екі қызметкерге іздестіру жарияланған",- деп хабарлады полциядан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны