09.01.2014, 21:01 5444

Алматыда мемлекетке 3,5 млрд. теңгеден астам шығын келтірген 3 қылмыстық топ ұсталды

Қазіргі таңда 2 топтың басшысына және оның 14 мүшесіне, 4 кеденшіге қатысты айыптау үкімі шығарылып, кеденшілер ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек тағы 4 кеденшіге қатысты іс сотта қаралуда.

Алматы. 9 қаңтар. Kazakhstan today. Сыртқы экономикалық салада прокурорлардың іс-қимылының нәтижесінде мемлекетке 3,5 млрд. теңгеден астам шығын келтірген 3 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі толығымен тоқтатылды. Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомствоның атап өтуінше, аталған топтардың мүшелері кеден органдарының лауазымды тұлғаларына пара беру арқылы бірнеше жыл бойы Қытай мен Түркиядан контрабандалық тауарларды автомобильмен, темір жол және әуе көліктерімен тасымалдаған.

Қазіргі таңда 2 топтың басшысына және оның 14 мүшесіне, 4 кеденшіге қатысты айыптау үкімі шығарылып, кеденшілер ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек тағы 4 кеденшіге қатысты іс сотта қаралуда.

Прокуратура органдары қолға алған шаралардың нәтижесінде Алматы қаласында кедендік түсімдердің көлемі біршама арта түсті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны