04.02.2014, 19:12 3217

Алматыда мемлекеттік қызметкерлерді басқаруды жетілдірудің басымдықтары талқыланды

Бүгінде аудандық және қалалық деңгейде және мемлекеттік орталық органдардың жергілікті бөлімшелерінде бірыңғай кадр қызметі құрылды. Бұған дейін аудан мен ауылдық деңгейде кадр маманы ретінде 5 мың адам жұмыс істеп келген. Қазірде кадр жұмысын жүйелеу үшін қалалар мен аудандарда 515 адамнан тұратын қызметкерлерді басқару қызметі құрылған.

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan today. Алматыда "Мемлекеттік қызметкерлерді басқаруды жетілдірудің басымдықтары" тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктен хабарлағандай, семинар жұмысына мемлекеттік органдардың қызметкерлерді басқару қызметі (кадрлық қызмет) жетекшілері, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша аймақтық орталық органдар бөлімшесі, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мен ҚР БҒМ Экономика институты өкілдері қатысты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет қызметкерлерін басқару бөлімі жетекшісінің орынбасары Алма Құлжамбекова жаңа шарттар бойынша мемлекеттік қызмет қызметкерлерін басқару жүйесін жетілдіру туралы баяндама оқыды.

Семинардың мақсаты "Қазақстан-2050" Стратегиясында белгіленген міндеттемелер мен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтарындағы "Қазақстандық жол-2050": Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалары мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңнамасын талқылау.

Шара барысында қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелерді қарастырып, тақырыптық мәселелерді талқылау бойынша шағын топтарда жұмыстар атқарылды. Шағын топтар модераторларының таныстыруының нәтижесі бойынша мемлекеттік орган, аудан мен облыс деңгейінде мемлекттік қызмет қызметкерлерін басқаруды жетілдіру бойынша нақты шаралар ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының жақында ғана жолдаған халыққа Жолдауында еліміздің мемлекеттік кадр саясатын жетілдіру бойынша басым бағыттар аталып көрсетілген.

2013 жылы ауыл окгрутарының, аудандар, шағын ауылдар мен елді-менкендердің әкімдерінің сайлауы өтті. Олардың атқаратын қызметтері мен штат саны артты және құзыреті өзгертілді.

Бүгінде аудандық және қалалық деңгейде және мемлекеттік орталық органдардың жергілікті бөлімшелерінде бірыңғай кадр қызметі құрылды. Бұған дейін аудан мен ауылдық деңгейде кадр маманы ретінде 5 мың адам жұмыс істеп келген.

Қазірде кадр жұмысын жүйелеу үшін қалалар мен аудандарда 515 адамнан тұратын қызметкерлерді басқару қызметі құрылған.

Айта кетерлік жайт, жаңа заңнамамен мемлекеттік қызметтер саласында тәлімгерлік институтттар, ауысу, іс-тәжірибеден өту, мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс сапасын бағалау және мансапты жоспарлау мүмкіндіктері қарастырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны