27.07.2018, 18:54 7672

Алматыда мемлекеттік қызметшілер бастамашылдыққа ынталандырылады

Ол еске салып өткендей, 2017 жылы бүкіл республика бойынша, оныӊ ішінде Алматы қаласында "Б" корпусына кіретін мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау болып өтті. Аттестациялау екі кезеӊмен өткізілді.

Алматы. 27 шілде. Kazakhstan Today - Мемлекеттік қызметшілердіӊ бастамашыл болғаны ынталандырылады. Бұл туралы Алматы қалалық Этика жөніндегі кеӊестіӊ мүшесі Алтынай Көбеева мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ол еске салып өткендей, 2017 жылы бүкіл республика бойынша, оныӊ ішінде Алматы қаласында "Б" корпусына кіретін мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау болып өтті. Аттестациялау екі кезеӊмен өткізілді. Бірінші кезеӊде мемлекеттік қызметшілер жеке біліктілігін тексеру мақсатында компьютерлік тестілеуден өтті, бұдан кейін жеке біліктілігін бағалау бойынша берілген қорытындыға сәйкес екінші кезеӊ - сұхбаттасу жүргізілді.

"Сұхбаттасуды аттестациялаудыӊ еӊ демократиялы нысаны деп санаймын. Компьютерде белгілі бір мерзім тағайындалған жағдайда, толқыныстан дұрыс жауапты таӊдамау тәуекелі бар. Ал қызметкермен сұхбаттасу алдында аттестациялық комиссия оныӊ бағалау парағымен және жеке біліктілігін бағалау бойынша берілген қорытындымен танысады. Адамныӊ бұл қасиеттерін бағалау арқылы тұлғаны және оныӊ әлеуетін, мотивациясын, жүйелі ойлау қабілетін, эмоциялық интеллектісін басқару қабілетін, имиджініӊ қалыптасуын, шешендігін және тағы басқа қырларын тану мүмкіндігі бар, ал бұл мемлекеттік қызметшініӊ жұмыс тиімділігіне және соған сәйкес мемлекеттік мақсаттарды шеше алуына ықпалын тигізеді", - деді Көбеева.

Оныӊ айтуынша, бастамашылдық - мемлекеттік қызметшілердіӊ кәсіби міндеті болып табылады.

"Өзім осы комиссияныӊ мүшесі ретінде аттестациялаудан өткен әрбір адамнан кәсіби құзыры шеӊберінде бастамашылдық таныта алуына қатысты сұрақты қойдым. Коммерциялық емес сектордыӊ өкілі ретінде меніӊ пайымдауымша, мемлекеттік қызметшініӊ жұмысында тұлғалық біліктілігі ретінде бұл қасиеттіӊ маӊызы аса зор. Яғни, ол тек жоғарғы басшылардыӊ тапсырмаларын жай ғана орындаушылықпен шектеліп қалмауға тиіс. Бастамашылдық та танытқаны жөн", - деді Этика жөніндегі кеӊестіӊ мүшесі.

Көбееваныӊ пікірінше, басшылық тарапынан қызметкерлерді бастамашылдық танытуға ынталандыру және мотивациялау қажет, тіпті жариялы түрде онысын мойындап айтып отыру керек.

Сонымен бірге, оларды оқуға және біліктілігін көтеруге жіберіп отыру қажет.

Сондай-ақ, оныӊ пікірінше, ыӊғайлы ауан қалыптастырған абзал. "Яғни, жаттығу құралдары мен релаксациялық мүмкіндіктері бар демалыс аймағын жасақтау керек, мұныӊ барлығы мидыӊ шаршауын азайтады, өйткені, стресс пен қозғалыссыздықпен байланысы бар қызметтіӊ өзіндік салдарлары да жоқ емес. Мемлекеттік қызметшілердіӊ жұмыс орнында жайға қалып жүретіні ешкімге құпия болмаса керек", - деп санайды ол.

"Қазақстанныӊ мемлекеттік қызметшілерініӊ жұмысына қатысты тыӊ көзқарас дегеніміз оныӊ ұйымдастырушылық және талдамашылық секілді қасиеттерін дұрыс пайдалану мүмкіндігі, ал бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердіӊ кәсібилік тұрғыда толыққанды дамуына мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде мамандардыӊ қызметте тұрақтамаушылығын төмендетуге және мемлекеттік органдардыӊ жұмыс тиімділігін арттыруға септігін тигізбек", - деді А. Көбеева.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны