02.12.2011, 09:54 5052

Алматыда метро іске қосылды

Президент Алматының тарихында метроның алғашқы кезегінің ашылуымен барлық алматылықтар мен метро құрылысшыларын құттықтады. Президент Алматы метросының іке қосылуы - тек автобус бағыттарын қысқаруына ғана емес, жаңа көлік мәдениетінің пайда болуына ықпал ететінін атап өтті.

Алматы. 2-желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы метрополитеннің алғашқы кезегінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент Алматының тарихында метроның алғашқы кезегінің ашылуымен барлық алматылықтар мен метро құрылысшыларын құттықтады. Президент Алматы метросының іке қосылуы - тек автобус бағыттарын қысқаруына ғана емес, жаңа көлік мәдениетінің пайда болуына ықпал ететінін атап өтті.

Метрополитеннің символдық кілтін Президентке бергеннен кейін, Мемлекет басшысы символдық қоңырауды соққан соң, Алматы метрополитенінің алғашқы пойызы орнынан қозғалды.

Одан кейін Мемлекет басшысы метрополитен тоннелі бойынша меторы вагонымен "Райымбек батыр" стансасынан "Алатау" стансасына дейін, жол бойындағы "Жібек жолы", "Алматы", "Абай", "Байқоңыр", "Мұхтар Иуезов атындағы драма театры" тәрізді барлық стансаларды кезекпен-кезек қарай отырып, жүріп өтті.

Алматыда метросының құрылысы 80-жылдардың аяғында басталған еді. Құрылыстың толық құны 167 миллиард теңгені құрайды. Метроның бірінші кезегінің ұзындығы - 8,56 шақырым. Бірінші кезектегі бірінші желісінің жобасына электрдепо, инженерлік корпус, қызметкерлер пайдаланатын ғимарат және жеті станса кіреді. Метрополитен құрылысы кезінде барлық негізгі автоматты жүйесінде ең заманауи ақпараттық-телекоммуникациялық технология қолданылған. Метрополитеннің байланысы мен қауіпсіздігін, дыбысталу, технологиялық процестердің автоматты жоғары деңгейін 30-ға жуық қауіпсіздік жүйесі қамтамасыз етеді. Радиоарнаны пайдалана отырып пойыздардың қозғалысын басқару жүйесі бірінші рет қолданылды. Сондай-ақ пойыздардың қауіпсіздігі "Тоннелдер мен метрополитендер" жетекші ресейлік институты әзірлеген және "Бетон унд Мониербау" австриялық фирмасы енгізген станциондық тоннелдер прогресивтік технологиясы, сейсмологиялық тоннелдік құрылғылар қолданыла отырып қамтамасыз етілген.

Бұдан бөлек, ТМД аумағында алғаш рет Алматыдағы жерасты құрылысы кезінде монолиттік темір бетондар негізінде рельстер төсеуде жаңа шпалсыз әдіс қолданылған. Аталған технология қозғалыстың қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жолдың жоғарғы бөлігінің пайдалану мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Метро мен вагондардағы құқық тәртібін бұзушылықтың алдын алу үшін бейнебақылау жүйесі орнатылған. ТМД елдерінде алғаш рет мүмкіндігі шектеулі адамдарды көтеріп- түсіретін арнайы автоматты тетіктер қарастырылған.

"HyundaiRotem" оңтүстік кореялық компаниясы арнайы әзірлеген электр пойыздардың (әр пойызда төрт вагоннан бар) төрт заманауи құрам метрjполитен жолаушыларына қызмет көрсететін болады. Бір құрам 940 адамға арналған. Қозғалыстың орташа жылдамдығы аялдаманы есептегенде, сағатына 40 шақырымды құрайды. Бірінші желінің бірінші кезегі бойынша бір бағыттың соңына дейінгі жол жүру қозғалысы 14-16 минут.

2011 жылдың наурызында батыс бағыттағы метрополитеннің екінші кезегінің құрылыс жұмыстары басталды. Оның құрамына: "Сайран", "Москва", "Сарыарқа", "Достық", "Қалқаман" деп аталатын бес станса жатады. Аталған тоннель қаланың орталығын Қалқаман кентімен қосады. Оның ұзындығы - 8,62 шақырымды құрайды.

"Бүгін еліміз үшін маңызды осы жобаны іске асырудағы жақсы жұмыстары үшін біздің метро құрылысшыларына, барлық ұйымдастырушылар мен оған атсалысқандарға ризашылығымды білдіремін. Бұл алматылықтардың Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына тамаша тартуы!" - деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарын алда келе жатқан Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесімен құттықтап, барша қазақстандықтарға бейбітшілік пен келісім, әрбір отбасына амандық-саулық тіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны