18.09.2007, 13:42 1388

Алматыда "Наркощит" жедел-профилактикалық шаралар жүргізілген бір аптада 26 кг астам есірткі тәркіленген

Алматыда "Наркощит" жедел-профилактикалық шаралар жүргізілген бір аптада 26 кг астам есірткі тәркіленген.

Алматы. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда "Наркощит" жедел-профилактикалық шаралар жүргізілген бір аптада заңсыз айналымнан 26 кг астам есірткі тәркіленген. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Іс-шара жүргізілген күндерде 32 есірткі қылмысы анықталып, 27 адам есірткі сату үстінде ұсталды, 44 адам есірткіден емдеу орталығына есепке тұрғызылды",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметіндегілер, есірткі қылмыстарына байланысты тұлғаларды анықтау және ұстау мақсатындағы жедел-іздестіру шаралары барысында Ресей Федерациясының азаматы ұсталғандығын, оның өте ірі көлемдегі есірткі сақтағаны және сатқаны үшін іздеуде жүргендігін атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны