13.09.2007, 13:37 2623

Алматыда "Наркощит" жедел-профилактикалық шаралар жүргізілген төрт күн ішінде 26 кг жуық есірткі тәркіленді

Алматыда "Наркощит" жедел-профилактикалық шаралар жүргізілген төрт күн ішінде 26 кг жуық есірткі тәркіленді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 13 қыркүйек. АЛМАТЫ. Алматыда "Наркощит" жедел-профилактикалық шаралар жүргізілген төрт күн ішінде заңсыз айналымнан 26 кг жуық есірткі тәркіленді. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының Ішкі істер департаментінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, үш күн ішінде полицейлер 13 есірткі қылмысын анықтап, 11 адам есірткі сатпақ болған жерінен ұсталған.

Атап айтқанда, полицейлердің түсіндіруінше, заң бойынша өте ірі көлемдегі 206 грамнан астам героин сатпақ болған бұрын сотталған еркек ұсталған. "Біз аталмыш азаматтың осы тектес қылмысы үшін сотталғындығын, ал есірткіні тұрақты тасымалдаушыдан алғандығын анықтадық. Қазіргі уақытта біз тасымалдаушының кім екендігін анықтаудамыз",- деп хабарлады Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің есірткі қылмысымен күрес басқармасының бастығы Ерлан Кебекбаев.

Сонымен қатар, полицейлер Алматының 24 жасар тұрғынын ұстаған, оны тінту барысында 25 кг 480 грамм марихуана табылды, деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны