13.07.2017, 15:52 4622

Алматыда неміс электроавтобусы тестілеуден өтуде

Жылжымалы составты жаӊарту және экологияны жақсарту мақсатында Алматы әкімдігі жыл аяғына дейін Евро-5 стандартты 300 жаӊа автобус алу үшін 11,5 млрд. теӊге бөлді

Алматы. 13 шілде. Kazakhstan Today - Электроавтобус шығаратын Eurabusтіӊ II көлігі Алматыныӊ жолдарында тестілік кесте бойынша жұмыс жасауды бастайды. Бүгін осы модельдегі автобустар Европаныӊ Берлин, Мадрид, Осло, Гамбург қалалары мен қоса Алматыда тестілік сынақтан өтуде.

Автобустыӊ бұл түрі жеӊіл балқытылған каркастан жаӊа технология бойынша жасалған, соныӊ арқасында салмағы жеӊіл әрі сенімді, жасалуы да тез.18 метрлі автобус әрқайсысы 200 ден 500 кВт/сағат болатын үш аккумуляторлармен жабдықталған, бір рет зарядталған соӊ 300 км жол жүреді, орташа уақыты сегіз сағат.

Төмен еденді автобус видеобақылаумен, кондиционермен, жылыту жүйесімен жабдықталған, жолаушылар үшін мұнда барлық жағдайлар жасалған әрі түрлі өӊірдегі континенталді климатқа төзімді. Оған 120 жолаушы сияды, сонымен қатар мүмкіндігі шектеуіл жандар үшін көтергіш те бар.

Алматыда автобус қала қонақтары мен тұрғындары үшін бір туристік бағытта тестілік кесте бойынша жүреді. Автобус жеке инвестордыӊ қаржысына алынған. Сонымен қатар, болашақта көліктіӊ бұл түрін Алматыда жинау үшін отандық компания мен неміс өндірушісініӊ арасында келісім де жасалған. Жолаушыларға қымет көрсету сапасын арттыру үшін келешекте инвестор байқау ұйымдастырмақшы.

Атап өтерлік жайт, қалада кешенді көлік реформасы жүруде, осыныӊ арқасында LRT, BRT жобалары енгізілуде, арнайы жолақтар жасалуда, троллейбус желісі жаӊаруда. Жылжымалы составты жаӊарту және экологияны жақсарту мақсатында Алматы әкімдігі жыл аяғына дейін Евро-5 стандартты 300 жаӊа автобус алу үшін 11,5 млрд. теӊге бөлді. Қалаға қосылған елді мекендердегі, соныӊ ішінде таулы жерлердегі көлік жүйесін жақсарту үшін 10 шілдеден бастап жаӊа автобустар бағыттары ашылды. Осы істі жүзеге асыру үшін Евро-4 стандартындағы дизельмен жүретін 45 автобус алынды. Бұлар жол таӊдамайды әрі барынша қолайлы. ЛИАЗ маркалы 15 автобус та жолаушы тасымалдайтын болады. Ұзындығы 9,5 метрлі төмен еденді бұл көліктер Евро-58 стандартына сай және кондиционермен, арбаға таӊылған мүгедектерді көтеретін арнайы қондырғылармен жабдықталған. 1 тамыздан бастап осы жаӊа көліктер №28 бағыт бойынша (Орбита 2,4 - ГЭС2),№68 бағыты бойынша (Ил- Фараби - Ремизовка саябақтары) жүретін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны