27.05.2008, 19:09 7549

Алматыда "НЭС Казахстанэнерго" РМК директорының міндетін атқарушы ұсталды

Алматыда "НЭС Казахстанэнерго" РМК директорының міндетін атқарушы ұсталды

Алматы. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда "НЭС Казахстанэнерго" РМК директорының міндетін атқарушы М. Жандарбеков пара алып жатқан сәтте ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 21 мамырда Алматы қалалық ҰҚКД-іне "НЭС Казахстанэнерго" РМК директорының міндетін атқарушы М. Жандарбековтың өзінен 300 мың АҚШ доллары көлемінде пара бопсалағынын айтып, "Достық Энерго" АҚ-ның директоры шағымданған.

26 мамырда, бопсалаған ақшаның бір бөлігін алғаннан кейін М. Жандарбеков қылмыс үстінде құрықталды.

Сондай-ақ, департамент қызметкерлері 24 мамырда ҰҚКД қызметкеріне құны 4 млн 996 мың теңге тұратын жер телімі түрінде пара бергені үшін Алматы облысының Талғар ауданы Бесағаш ауылының әкімі Т. Сарвановты ұстады.

Ұсталғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды, олар уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны