17.05.2007, 18:05 3078

Алматыда "Нұрбанк" АҚ жасалған шабуылға қатысты қылмыстық істі тергеуді басқарған қаржы полициясының қызметкері ұсталды

АЛМАТЫ. 17 - мамыр. Kazakhstan Today. Алматыда "Нұрбанк" АҚ шабуыл жасау туралы қылмыстық іс бойынша тергеу тобын басқарған қаржы полициясының қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі күш құрылымдарындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Алматы қаласының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі тергеу басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Иубәкіровты бірнеше күн бұрын белгісіз біреулер алып кеткен. Ресми емес ақпараттар бойынша, ол Алматы қаласының Ішкі істер департаментінде жатыр. Б. Иубәкіров ішкі істер департаментінің арнаулы бөлімшесі болып табылатын Арнайы шұғыл әрекет ету отрядының қызметкерлерінің "Нұрбанк" АҚ-на шабуыл жасауын тергеумен айналысқан, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің жедел-тергеу тобының басшысы болып табылады.

Күш құрылымдарындағы ақпарат көзінің пайымдауынша, оның ұсталуы қалалық полиция басшылығындағы қызығушылық танытып отырған кейбір тұлғалардың Алматы қаласының Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Самалихов пен Арнайы шұғыл әрекет ету отрядының бастығы Наурызбай Қадырғожаевке қатысты істі қосымша тергеу үшін кері қайтармақ ниеттеріне байланысты. Сонымен қатар, ақпарат көзінің мәліметтеріне сүйенсек, "ішкі істер департаментінің басшылығы тексеру аяқталып, сотқа жіберілген іс заңды дөрекі бұзушылықпен жүргізілген деген пікір тудыру үшін қаржы полициясының тергеу тобы мүшелерінің беделін түзіруге тырысып бағуда".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны