23.06.2014, 22:02 3061

Алматыда ОАЭАБ мүше елдерінің отырысы өтті

Алматыда Орталық Азия экономикаларының БҰҰ арнайы бағдарламасының (ОАЭАБ) Көлік және шекаралардан өту жөніндегі Жобалық Жұмыс Тобының 19-шы отырысы өтті.

Алматы. 23 маусым. Kazakhstan today. Алматыда ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұровтың төрағалығымен Орталық Азия экономикаларының БҰҰ арнайы бағдарламасының (ОАЭАБ) Көлік және шекаралардан өту жөніндегі Жобалық Жұмыс Тобының 19-шы отырысы өтті.

Талқылау барысында қатысушылар автомобиль, темір жол және ішкі су көлік салаларында басым жобалары, оның ішінде, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізі құрылысы, "Баку - Тбилиси - Карс" темір жол желісінің жобасы, "Гызылгая - Берекет - Этрек арқылы Өзен - Горган" темір жол желісінің жобасы және "Жезқазған - Бейнеу" жаңа темір жол маршрутының құрылыс жобасы атап өтілді, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Соның ішінде халықаралық біріктірілген көлік-логистикалық жүйенің торабын қалыптастару мақсатында құрылған Құрғақ Порттар жөніндегі Үкіметаралық келісімге қатысу туралы ОАЭАБ-на мүше елдерінің қолдауы қажеттілігіне назар аударылды. Қазақстанның Келісімге қосылу процедурасы биыл жүзеге асырылатыны еске салынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны