29.05.2009, 15:05 1355

Алматыда оңтүстік кореялық кәсіпкерді ұрлаған күдіктілер құрықталды

Алматыда оңтүстік кореялық кәсіпкерді ұрлаған күдіктілер құрықталды

Алматы. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда оңтүстік кореялық кәсіпкерді ұрлаған күдіктілер құрықталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне Алматы ІІД-дегі ақпарат көзі хабарлады.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, Алматы қалалық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері адам ұрлауды кәсіпке айналдырған ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады. Ұсталған Алматының үш тұрғынының хабарлағанындай, топты 32 жастағы сот үкімін орындаушысы басқарған.

22 сәуірде 44 жастағы "Парасат групп" ЖШС директоры, Оңтүстік Корея азаматы Нам Сукджу ұрланған болатын. Алматының Бостандық ауданында Иуезов және Бұқар жырау көшелерінің қиылысында оңтүстік кореялық кәсіпкер айдаған Toyota Land Cruiser көлігін полиция қызметкерінің киімін киген және жай киімдегі екі адам тоқтатқан.

"Жәбірленушіні күшпен басқа көлікке отырғызып, белгісіз ауданға апарып, оны үйдің жертөлесінде ұстаған. Ұрланған адамды босату үшін қылмыскерлер алдымен ЖШС басшылығынан 200 мың доллар талап еткен, бірақ кейін әлденеден қорқып оны босатып жіберген", - деді ақпарат көзі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны