17.04.2007, 14:00 3070

Алматыда Орал тұрғынынан детонаторы бар үш тротил кубигі мен жеті грамм гашиш тәркіленді

АЛМАТЫ. 17-сәуір. Kazakhstan Today. Алматы полициясы Орал тұрғынынан детонаторы бар үш тротил кубигі мен жеті грамм гашиш тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 20 жастағы Орал тұрғыны экстремизммен және сепаратизммен күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері жүргізген шұғыл шаралардың барысында құрықталды. Тінту кезінде жігіттен 7 грамм гашиш табылып тәркіленді. Тұтқынның түсініктемесіне сәйкес, ол есірткіні көшеде тауып алып, жеке тұтыну үшін алып қалған.

Сонымен бірге күдіктінің пәтеріндегі тінту кезінде тәртіп сақшылары салмағы 200 грамм шамасындағы, электр детонаторлары бар екі тротил кубигін тапты. "Тәркіленген жарылғыш заттар мен детонациялық қондырғы арнаулы сараптамаға жолданды",- деп хабарлайды полиция.

Қазір ұсталғанға қатысты есірткіні заңсыз сақтау мен сату және қару-жарақ пен жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны үшін екі қылмыстық іс қозғалды. Жігіт уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны