23.02.2009, 13:43 1844

Алматыда Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығына қатысушы мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің 1-ші отырысы өткізіледі

Алматыда Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығына қатысушы мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің 1-ші отырысы өткізіледі

Астана. 23 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ағымдағы жылдың 26 ақпанында есірткіге қарсы бөліністердің, ішкі істер министрліктері мен басқа да қатысушы елдердің мемлекеттік органдарының басшылары шақырыла отырып, Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығына қатысушы мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің 1-ші отырысы өткізіледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қазақстан Республикасы ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің ақпаратына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ОАӨАҮО-ға қатысушы мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің жұмысын ұйымдастыру тәртібі туралы ереже; ОАӨАҮО-да қызмет өткеру ережесі, ОАӨАҮО-ға қатысушы мемлекеттердің құпия ақпараттар алмасуы мен қорғанысы туралы келісімнің жобасы; Басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ОАӨАҮО аясында бақылаушы мәртебесін алуы және Орталық қызметінің құжаттары мен өзекті мәселелері туралы сауалы Кеңестің 1-ші отырысында қарау мен бекіту үшін енгізіледі.

ОАӨАҮО-ны құру жөніндегі іс-шаралар БҰҰ-ның Есірткі және қылмыстар жөніндегі басқармасының бастамасымен 2005 жылы басталып, 1996 жылғы 4 мамырдағы Есірткіні бақылау саласындағы өңірлік әріптестік жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде жүзеге асты. Бұл үшін БҰҰ ЕҚБ AD/RER/H "ОАӨАҮО құру туралы" тиісті жоба әзірленген болатын.

Келісімді ратификациялау рәсімінің ұзақтығына байланысты БҰҰ ЕҚКБ уақытша персоналды іріктеуді, үй-жайларды жөндеу мәселелерін шешуді, негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу мен жеткізуді болжайтын пилоттық жобаның фазасын іске асыру туралы бастама көтерді. Пилоттық фазаны іске асыру 2007 жылдың 1 қарашасынан басталды. Қазақстан Республикасы президентінің 2008 жыл 14 наурыздағы өкімімен ОАӨАҮО директоры лауазымына генерал-лейтенант Бексұлтан Сәрсеков тағайындалды.

Мемлекет басшысы 2008 жылдың 6 қарашасында "ОАӨАҮО құру туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды. ОАӨАҮО-ны және оның қызметкерлерін Қазақстан аумағына орналастыру жөніндегі іс-шаралар өткізілді. ОАӨАҮО өз аумағында орналастыруға ниет білдірген Қазақстанды және еліміздің басқа да өңірлеріне барған БҰҰ сарапшылар комиссиясының талаптарына Алматы қаласы Абай даңғылындағы 52-үйде орналасқан ғимарат толығымен сәйкес келді.

ОАӨАҮО толық жұмыс істеуін одан әрі қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың қаңтарында ОАӨАҮО-ның қызмет мерзімін ұзартуды қарастыру үшін және жоба бюджетін 15,4 млн. АҚШ долларына көбейту, сондай-ақ ОАӨАҮО Алматы қаласында болу жағдайлары туралы келісімді мақұлдау туралы ұсыныс үкіметтің қарауына енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны