27.06.2014, 20:34 2817

Алматыда Орталық Азияның газ стратегиясына қатысты форум өтті

Форумға газ нарығының ірі өкілдері қатысты. Кездесудің басты тақырыбы - Орталық Азияның газ стратегиясы мен ағымдағы және келешектегі газ өндіру жобаларын іске асыру, Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан мен Қырғызстан аймақтарында газды тарату және газды өндеу мәселелері болды.

Алматы. 27 маусым. Kazakhstan today. Алматыдағы форумда ҚазМұнайГаз, Өзбекмұнайгаз, ҚазТрансГаз, Tethys Petroleum, Лукойл, Asia Gas Pipeline, WorleyParsons, General Electric, Қарашығанак Петролиум Оперейтинг Б.В. және басқа ірі компаниялардың өкілдері де болды.

Форумға газ нарығының ірі өкілдері қатысты. Кездесудің басты тақырыбы - Орталық Азияның газ стратегиясы мен ағымдағы және келешектегі газ өндіру жобаларын іске асыру, Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан мен Қырғызстан аймақтарында газды тарату және газды өндеу мәселелері болды, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Мұнай және газ министрлігінің газ өнеркәсібін дамыту департаменті директорының м.а. Ақжол Оспанов мәлімдегендей, Елбасы жүктеген міндеттер бойынша ЕХРО өткенге дейін, көмір қыртысын өндіру және Астананы газдандыру жобасын жүзеге асыру қажет.

Өндірісті ұйымдастырып, метанды өңдеу арқылы Қазақстанда бұрын соңды шығарылмаған жаңа химиялық өнім алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, мотор отыны ретінде табиғи газды пайдалану мұнай-газ кешенінің басым бағыты саналады. Министрлік өкілінің сөзінше, мотор отыны ретінде табиғи газды қолдану әлемде жеті есеге өскен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны