11.04.2011, 17:02 4752

Алматыда Өзбекстан тұрғынынан ірі көлемде героин тәркіленді

Алматыда Өзбекстан тұрғынынан ірі көлемде героин тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 11 - сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда Өзбекстан тұрғынынан ірі көлемде героин тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматыда ірі көлемде есірткі сатумен айналысып жүрген 30 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Айыпталушыдан табылған 250 грамм героин - бір жарым миллион теңгеге бағаланып отыр.

"Д. есімді азаматтың соңынан екі аптадан аса уақыт аңдыдық. Ол қала орталығындағы қымбат үйде пәтер жалдап тұрып жатқан. Үлкен көлемде тауар сатады-ау деген күні оны ұстауға кірістік. Операция кеше кешкісін сағат 7-лер шамасында Достық және Митин көшелерінің қиылысында өтті. Оны тексеру барысында күртесінің қалтасынан 4 грамм героин табылды. Ол тауарының негізгі бөлігін сатып алушыға өзінің пәтерінде бермек болған екен",-деді Алматы қаласының есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы, полиция майоры Денис Лоскутов.

Қалалық есірткімен күрес қызметкерлерінің айтуынша, ол әр ірі көлемдегі саудасын жасағаннан кейін, өз еліне, Үшқұдық қаласына қайтып отырған.

"Изірге, есірткілердің Алматыға әкелінетін нақты жолы анықталған жоқ. Бірақ, біршама мәліметтер бар. Қазір, есірткі әкелушілердің бетін ашу бойынша нақты жоспар құрылуда, жақын арада осы топтың басқа да қатысушылары құрықталатын болады. Олардың аты-жөндері бізге белгілі",-деді Д. Лоскутов.

Photo: spy.kz.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны