23.09.2009, 14:18 2682

Алматыда өзге тұлғалардың атына, тіпті қайтыс болған адамдардың атына да жалған кәсіпорындар тіркеген адамдар ұсталды

Алматыда өзге тұлғалардың атына, тіпті қайтыс болған адамдардың атына да жалған кәсіпорындар тіркеген адамдар ұсталды

Астана. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда өзге тұлғалардың атына, тіпті қайтыс болған адамдардың атына да жалған кәсіпорындар тіркеген адамдар ұсталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Идетте, жалған кәсіпорындар өзге тұлғалардың атына, тіпті қайтыс болған адамдардың атына да тіркеледі. Алматы қаласында 2 азамат қамауда сот үкімін күтуде. Олар 2006-2008 жылдары өзге адамдардың атына 8 жалған кәсіпорын тіркеп, төленбеген салық түрінде мемлекетке 20 млрд теңге залал келтірген",- деді М.Жұманбай.

Оның айтуынша, сондай-ақ, "Алматыда 3 жыл бас бостандығынан айыруға М. Савченко сотталды. Ол өзінің сыбайласымен алдын-ала сөз байласу арқылы 2006-2009 жылдары бірнеше жалған кәсіпорындарды өзге адамдардың атына, оның ішінде қайтыс болған адандардың атына да тіркеген. Төленбеген салық түріндегі мемлекетке келтірілген залал 7 млрд 719 млн теңгені құрады. Сыбайласы іздеуге жарияланды".

М.Жұманбайдың айтуынша, қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, жалған кәсіпорындарды құрудың басты мақсаты - салық төлеуден жалтару болып табылады.

"Алматы қаласында мүлікті тәркілеумен 5,5 жыл бас бостандығынан айыруға К. Назаров, мүлікті тәркілеумен 4,5 жыл бас бостандықтарынан айыруға Р. Кәрібаев пен М. Исабаев сотталды. Олар бірнеше жалған кәсіпорындарды тіркеу арқылы мемлекетке 14 млрд 769 млн теңге көлеміндегі салық төлеуден жалтарған.

Алматы қаласында Б. деген азаматшаға қатысты 20 эпизодтық қылмыстық іс сот қарауына жіберілді. Ол 20 жалған кәсіпорын құрып, салық төлемеу арқылы мемлекетке 1 млрд 429 млн теңге залал келтірген. Айыпталушы қамауға алынған",- деді М.Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны