26.01.2010, 15:32 3110

Алматыда өзін қаржы полициясының төрағасымын деп таныстырып жүрген адам ұсталды

Алматыда өзін қаржы полициясының төрағасымын деп таныстырып жүрген адам ұсталды

Алматы. 26 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен өзін қаржы полициясының төрағасымын деп таныстыру арқылы бопсалаушылықпен шұғылданып жүрген адам ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Иуезов АІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері қалалық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің өкілдерімен бірлесе отырып, өзін қаржы полициясының қызметкерімін деп таныстырып жүрген 46 жастағы ер адамды ұстады.

"25 қаңтарда әлгі ер адам Пятницкий көшесінде орналасқан бір тігін цехына келген. Бухгалтерия қызметкерлеріне өзін Алматы қалалық қаржы полициясының төрағасымын деп таныстырған ол кешікпей осы мекемеге тексерулер жүргізілетінін жеткізген. Сондай-ақ, ол қыздарға салық тексерулерінен құтылуға жәрдем беретінін, ол үшін белгілі бір көлемде ақы алатынын ишара арқылы жеткізген. Тігін цехының қызметкерлері "қонақты" кәсіпорынның директорына алып келеді. Қаржы полициясының жалған қызметкері өзінің қызмет ақысы шамамен 3 мың АҚШ доллары тұратынын айтқан", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Цех директоры оған небәрі 1 мың доллар ұсынып, қалған ақшаны бір мезетте жинай алмағанын жеткізген, осыдан кейін ол орган қызметкерінен қызметтік куәлігін көрсетуді сұраған. Мұны естіген еркек бірден тайып отыруға асығады. Кәсіпорын директоры күзетшілерін шақырып, болған оқиға жайлы полицияға хабарлаған", - делінген хабарламада.

Полицияның ақпаратына сәйкес, ер адам тігін цехынан ұзамай жатып қолға түсті. Оның заттарын қарап шығу барысында тәртіп сақшылары ақшаны тауып, оны иесіне қайтарды. Қылмыс орнында оның аты-жөнін анықтау мүмкін болмады, ер адамның қолында ешбір құжаты жоқ болып шыққан.

Белгілі болғанындай, әлгі адам қала ішін жетінші үлгідегі қара түсті БМВ көлігімен аралап жүрген. Көлікті жүргізушісімен қоса жалға алғам, дейді ол. Қазір Иуезов АІІБ қызметкерлері болған оқиғаның егжей-тегжейін анықтау үшін бірқатар оперативтік шараларды алып жатыр. Сондай-ақ, Алматы қалалық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінде осы тектес үш оқиға тіркелгені мәлім болды. Қаржы полициясы өкілдерінің мәлімдеуінше, ұсталған ер адамның белгілері ұқсас.

Қазір оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177-ші бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны