12.05.2008, 16:04 2680

Алматыда пәтер тонаумен айналысты деген күдікпен бір топ шетел азаматтары қамауға алынды

Алматыда пәтер тонаумен айналысты деген күдікпен бір топ шетел азаматтары қамауға алынды

Алматы. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда пәтер тонаумен айналысты деген күдікпен бір топ шетел азаматтары қамауға алынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, мемлекет аумағында заңсыз жүрген 3 Грузия азаматтары тұтқындалан. Олар Иуезов ауданындағы үйлердің біріндегі пәтерді қоймаға айналдырған. Мұнда алтын әшекейлер, бірнеше ұялы телефон, тұрмыстық техника мен басқа да заттар табылған. Полиция қызметкерлерінің пайымдауынша, бұл Грузиядан келген қонақтардың қылмыстық іс-әрекет жасағандығын айқын көрсетіп тұр.

"Бүгінгі таңда осы топ мүшелерінің 8 өзгенің мүлкін тонау оқиғасына қатысы бар екендігі дәлелденген. Сондай-ақ, басқа пәтерлерге кірер кезде қылмыскерлер көптеген кілттер мен жіңішке сым темірлерді де пайдаланғаны мәлім болып отыр", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасының мүліктік қылмыспен күрес бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ибілғазы Төлепбергенов.

Сонымен қатар, Иуезов ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыскерлердің өткен жылы жасалған екі қылмысқа қатысы бар екендігін дәлелдеген. Белгілі болғандай, күдіктілер Алматыда 2007 жылдың наурыз айынан бері тұрған. Осы уақыт ішінде олар пәтер жалдап тұрып келген. Қамауға алынғандардың айтуларынша, олар Қазақстанға жұмыс істеп, ақша табу үшін келген. Алайда, лайықты ештеңе таппағаннан кейін тонаушылықпен айналысқан.

"Қазіргі уақытта шетел азаматтары ішкі істер департаментінің барлық кримналдық тіркеулері бойынша тексеруден өткізіліп жатыр. Олардан тәркіленіп алынған заттар ашылмай қалған ұрлық, тонау және қарақшылық шабуыл оқиғалары бойынша тануға ұсынылады", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны