02.04.2007, 14:42 3132

Алматыда полицейді пара беріп сатып алмақ болған әйел құрықталды

АЛМАТЫ. 2-сәуір. Kazakhstan Today. Алматыда полицейді пара беріп сатып алмақ болған әйел құрықталды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасына Түріскіб ауданының криминалдық полиция бөлімінің жедеу уәкілі баянат жазып, жүгінген. Лейтенанттың сөздеріне сүйенсек, "оған жезөкшелікпен айналысқан қызды әкімшілік жауапқа тартпау үшін бірнеше рет ақшалай пара ұсынған".

Күдікті жедел уәкілдің бөлмесінде 3 мың теңге көлемінде пара беру үстінде құрықталды. Оның үстінен лауазымды тұлғаға пара беру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны