04.05.2007, 15:22 2917

Алматыда полицейлер есірткі тасымалдау арнасын анықтап, 80 кг гашиш тәркіледі

АЛМАТЫ. 4 - мамыр. Kazakhstan Today. Алматыда полицейлер есірткі тасымалының арнасын жауып, 80 кг гашиш тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің бастығы Дулат Омаржанов хабарлады.

Оның айтуынша, Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің тергеу комитетіндегі әріптестерімен бірлесе отырып жүргізген ұзақ іс-шараларының нәтижесінде есірткі сатумен айналысатын қылмыстық топтың Қызылордадан Алматыға гашиштің ірі топтамасын әкелуді жоспарлап жатқандығы туралы нақты ақпарат алған.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Алматы - Бішкек тасжолының 59-шы шақырымындағы бекетте полицейлер Алматының тұрғыны айдаған "Джип Гранд Чероки" көлігін тоқтатқан. "Көліктің жүк салғышында гашиш салынған төрт жол сөмкесі болған. Есірткі тығыздалған 118 брикетке оралып, скотчпен жапсырылған, жалпы салмағы 80 кг",- деп қосты Дулат Омаржанов.

Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, ұсталғандар уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Сонымен қатар, полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, Алматыда бір аптада заңсыз айналымнан 92 кг жуық есірткі тәркілініп, 23 сатушы құрықталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны