26.04.2007, 17:47 3177

Алматыда полицейлер үш ай ішінде 32 кг астам есірткі, соның ішінде 6 кг героин тәркілеген

АЛМАТЫ. 26 - сәуір. Kazakhstan Today. Алматыда полицейлер үш ай ішінде 32 кг астам есірткі, соның ішінде 6 кг героин тәркілеген. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызмтенің ақпараттарына сүйенсек, оңтүстік астанада үстіміздегі жылдың тек бірінші тоқсанында есірткі қылмыстарына байланысты 440 қылмыстық іс қозғалған, оның ішінде 293 іс - есірткі заттарын сату дерегі бойынша қозғалған. Есірткі қылмыстарына қатысы бар 446 адам құрықталған, олардың үшеуі шетел азаматтары",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

"Заңсыз айналымнан 32 кг астам есірткі тәркіленген, олардың 6 кг героин, 21 кг марихуана, 5 кг жуық гашиш, бір килограммнан астам опия",- деп хабарлады Алматы қаласының ішкі істер департаментінің есірткімен күрес басқармасының бастығы Ерлан Кебекбаев.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Алматының 22 көңіл көтеретін түнгі клубына тексеру жүргізілуде. "Қаланың Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері көңіл көтеру орындарына келушілер арасынан есірткі пайдаланған 4 дерек анықтаған",- деп түсіндірді полицейлер. Сонымен қатар, есірткі қылмыстарын алдын-алуға қатысты учаскелік полицейлермен, дәрігерлермен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып 106 іс-шара жүргізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны