29.02.2008, 15:19 3304

Алматыда прокуратура қызметкеріне 40 мың доллар пара беру кезінде мемлекеттік кәсіпорынның басшысы тұтқындалды (толықтырылған нұсқасы)

Алматыда прокуратура қызметкеріне 40 мың доллар пара беру кезінде мемлекеттік кәсіпорынның басшысы тұтқындалды (толықтырылған нұсқасы)

Алматы. 29-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда прокуратура қызметкеріне 40 мың доллар көлеміндегі пара беру кезінде қаланың мемлекеттік кәсіпорындарының бірінің басшысы тұтқындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, "Алматыжарнама" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының басшысы тұтқындалған. Ол "прокуратура қызметкеріне пара беру арқылы кәсіпорынның "Жарнама туралы" заңын қолдану аясында жіберген заң бұзушылықтарды жасырғысы келген".

Баспасөз қызметі хабарлағандай, тұтқындау қаладағы бір дәмханада тікелей пара беру кезінде іске асырылған. Мемлекеттік кәсіпорын басшысының тұтқындалуы қала прокуратурасының бастамасымен қалалық прокуратура мен қалалық ҰҚК департаментінің бірлескен іс-шаралары барысында іске асырылған.

"Қазіргі уақытта тұтқындау материалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 312 бабында қарастырылған қылмыс нышанын көрсететін мәліметтердің жеткілікті болуын ескере отырып, қажетті процессуалдық рәсімдеуден өтіп жатыр. Тұтқындалған ҰҚКД тергеу изоляторына қамалды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны