27.07.2018, 18:42 7352

Алматыда "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында "Қазтелерадио" АҚ атқарған жұмыстардыӊ қорытындысы талқыланды

"Қазтелерадио" АҚ -телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор. "Қазтелерадио" АҚ міндеттері Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратудыӊ инфрақұрылымын дамыту болып табылады. Еӊ негізгі міндеттердіӊ бірі - цифрлық эфирлік телехабар таратуды енгізу.

Алматы. 27 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласындағы Алматы қаласы "Қазтелерадио" АҚ басқарма төрағасы Тәжібеков Ескендір Ерманұлыныӊ қатысуымен ""Қазтелерадио" АҚ қызметініӊ басым бағыттарын айқындайтын негізгі мақсаттар және "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар, сандық жүйеніӊ жүзеге асуы" атты баспасөз конференциясы өтті.

"Қазтелерадио" АҚ -телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор. "Қазтелерадио" АҚ міндеттері Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратудыӊ инфрақұрылымын дамыту болып табылады. Еӊ негізгі міндеттердіӊ бірі - цифрлық эфирлік телехабар таратуды енгізу.

"Женева-06" келісіміне сәйкес Қазақстан Республикасы эфирлік телехабар таратуды телевизияныӊ DVB T2 цифрлық стандартына көшіру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.

"Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуды енгізу" жобасын іске асыруды "Қазтелерадио" АҚ мемлекеттік бағдарламалар шеӊберінде жүзеге асырады, кәзіргі сәтте жобаны іске асыру "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасыныӊ іс-шаралары жоспарына еӊгізілген.

Жоба әлеуметтік болып табылады және эфирлік теле хабар тарату желісін құрудыӊ басты мақсаты - халыққа ақпарат беру, ал қашықтағы елді мекендертұрғындары үшін ақпараттыӊ жалғыз көзі.

Мысалы, аналогтық желі бойынша облыс орталықтарында 14 телебағдарламарға дейін, облыс орталығынан төмен 4 телебағдарламарға, ал цифрлық желі бойынша облыс орталықтарында 30-ға дейін телебағдарламалар (екі мультиплекс қалыптастырған) облыстан төмен 15 телебағдарламалар (бір мультиплекс қалыптастырған) қол жетімді болады.

Аналогтық желі бойынша, тек "Қазақстан" және "Хабар" телеарналары бағдарламалары халықты еӊ көп қамтиды. Цифрлық стандартқа көшуге байланысты, мультиплекске қосылған барлық телеарналар 6000-нан астам елді мекендерде тұратын халықтыӊ 95% -ына тегін қол жетімді болады. Эфирлік жердегі хабар таратудан бас тартатын бірде-бір мемлекет жоқ.

"Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуды енгізу және дамыту" жобасын іске асыру туралы.

ЦЭТ-ға ауысу тәртібі аналогты эфирлі телерадио хабарларын тарату желілер құралдарын кезеӊ-кезеӊмен ауыстыру жолымен жүзеге асырылады. 2018 жылы 292 РТС пайдалануға беру жоспарлануда, 20 шілдедегі жағдай бойынша 111 РТС сынақ пайдалануға берілді.

- 2012 - 2016 жылдар аралығында халықты 77,5% қамтуға қол жеткізіп 356 РТС пайдалалануға берілді, соныӊ ішінде Оӊтүстік аймағында 20 РТС "Қазтелерадио" АҚ-ныӊ өз қаражаты есебінен салынды.

2011 жылдыӊ 18 қаӊтарында Мемлекет басшысыныӊ қатысуымен жерсеріктік желі OTAU TV ресми түрде іске қосылды.

"Қазтелерадио" АҚ жерсеріктік хабар таратуы Қазақстанныӊ 100% аумағын қамтиды, кез-келген елді мекенніӊ әрбір тұрғыны Жерсеріктік хабар тарату қызметтерін тікелей қабылдауға мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта OTAU TV жерсеріктік желісіне 1 345 мыӊ қосылыс, соныӊ ішінде Алматы облысында 225,6 мыӊ қосылыс тіркелген. Тегін "OTAU TV" пакетіне қосылу арқылы абонент 66 телеарнаны және радио арналарын, сондай-ақ, HD форматта ішкі арналарды абоненттік төлемсіз көру мүмкіндігіне ие.

GalamTV" интернет-сервисі OTT платформасында беріледі. OTT (Over-the-Top) технологиясы Интернет арқылы бейне қызметтерді ұсыну саласында кеӊінен қолданылады және медиа саласындағы белсенді. 2017 жылдыӊ шілде айынан бастап "GalamTV" қызметі бұлтты технологияларға (бұлтты технологиялар) толығымен ауыстырылды - бұл Интернет желісі қызметі ретінде компьютерге арналған ресурстар мен мүмкіндіктерді пайдаланушыларға таратылатын деректерді өӊдеу технологиясы. Егер сіз мұны түсінікті тілде түсіндіріп берсеӊіз, онда бұл сәздіӊ Интернеттегі жұмыс алаӊыӊыз,дәлірек қашықтағы серверде. "GalamTV" барлық танымал Интернет-браузерлерде жұмыс істейді, Smart TV-дақосымшаны Appstore және Playmarket дүкендерінен (мобильді құрылғылар үшін) жүктеуге болады. 2018 жылдыӊ шілде айыныӊ соӊында тіркелген абоненттер саны 346 888 абонентке жетті. Айына орташа есеппен алғанда 4 миллион минуткөрілім саны. "GalamTV" жетістіктерінен Байқоӊыр тұрғындарыныӊ қазақстандық телеарналарға қолжетімділігін атап өтуге болады.

Ресей Федерациясы 2050 жылға дейін Қазақстан Республикасынан жалға алған Байқоӊырғарыш айлағымен бірге 73 мыӊ тұрғыны бар "Байқоӊыр" кешенін құратын Байқоӊыр қаласында Қазақстанныӊ 3 телеарнасы таратылады, "Galam TV" арқылы 25-тен астам Қазақстан телеарналарын тегін көруге мүмкіндік туды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны