23.04.2018, 19:43 6682

Алматыда салықтыӊ өсуі барысында қала тұрғындарыныӊ әлеуметтік қажеттіліктеріне қосымша қаржы бөлінді

Алматы қаласыныӊ 2018 жылғы бюджеті нақтыланды. Бюджетті оӊтайландыру жұмыстарын жүргізу және салық түсімініӊ артуы арқасында қосымша 64,7 млрд. теӊге қарастырылды.

Алматы. 23 сәуір. KazakhstanToday - VI-шы шақырылымдағы қала мәслихатыныӊ ХXVII-ші сессиясы барысында Мемлекет басшысыныӊ Жолдауы мен Бес әлеуметтік бастамасын ескере отырып Алматы қаласыныӊ 2018 жылғы бюджеті нақтыланды. Бюджетті оӊтайландыру жұмыстарын жүргізу және салық түсімініӊ артуы арқасында қосымша 64,7 млрд. теӊге қарастырылды.

Алматы бюджеті маӊызды жобаларды ескере отырып, барынша әлеуметтік сипатқа ие болуда. Мысалы, "Президенттіӊ Бес әлеуметтік бастамасы" аясында жастарға қолдау көрсету мен "Алматы жастары" қалалық бағдарламасы одан әрі жалғасады. Жас отбасылардыӊ алғашқы жарнамасыз 5%-дық несиемен тұрғын үй алуы үшін 2 млрд. теӊге бөлінді.

2859 баланы қамтитын жеке бала бақшаларда мектеп жасына дейін білім беруде мемлекеттік тапсырысты ұлғайтуға 850 млн. теӊге бөлінді. Аз қамтылған отбасылардыӊ 4 мыӊнан астам балалары жазғы демалыстарға жіберіледі.

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне Жеӊіс күні қарсаӊында бір рет берілетін әлеуметтік көмектіӊ көлемі 150 мыӊнан 250 мыӊға дейін, ал оларға теӊестірілгендерге 30 мыӊнан 50 мыӊ теӊгеге дейін көбейген. ҰОС ардагерлеріне ай сайын көрсетілетін көмек ретінде коммуналдық қызмет ақысын төлеу 5,5 -тен 6,5 АЕК-ке жеткен.

Илеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға орталық тармақтан жеке үйлеріне дейін газ тарту (жеке үйдіӊ иесі) бір нүктеге кететін шығынды бір реттік 100% өтеу қарастырылған.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша жыл аяғына дейін 3 мыӊнан астам адам жұмысқа тартылатын болады.

"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасын орындау барысында биылғы жылы мектептер жедел интернетпен және компьютерлік техникамен 100% қамтылады. Қаланыӊ барлық денсаулық мекемелеріне ақпарттық жүйе енгізіліп, есептеу формасы қағазссыз форматқа көшіріледі.

Бұрыннан белгілі, Алматы көлікті қаупсіздендіру, ақпаратты енгізу және цифрландыру бойынша алдыӊғы қатарда. Қазірдіӊ өзінде қала аулалары мен демалыс орындарына 115 мыӊнан астам видеобақылау камералары қойылған. Бүгінгі таӊда көлік қозғалысындағы айыппұл электронды форматта төленуде. Жыл аяғына дейін айыппұл төлеуді осы әдіске толық көшіру және қылмыстық істіӊ жартысын электронды форматта жүргізу қолға алынады.

"ОӉАЙ" электронды жолақы төлеу бойынша 24 млрд. теӊгеніӊ 460 млн. транзакциясы жасалды. "A-Parking" жобасына қаланыӊ көлік тұрағыныӊ 10% қамтылып, салық түсімі 6 есе өсті. Алматыда биыл ақылды бағдаршамдарды орнату арқылы жол трафигін басқарудыӊ бірегей орталығын қалыптастыру қолға алынады. Бұлардан өзге, сел қаупініӊ цифрлы мониторингі бойынша ЖСҚ жасалуда.

Көлік саласын реформалау аясында 2018 жылы қаланыӊ автобус паркініӊ үштен бірі жаӊарады. Мысалы,"Алматыэлектротранс" ЖШС 199 автобус алуға қаржы бөлген. 200 автобусты "Green Bus company" ЖШС жаӊартады және жеке тасымалдаушылар 131 автобус алады. Жалпы, соӊғы екі жыл ішінде қала бағыттары бойынша 500 жаӊа автобус жолға шықты.Рейстердіӊ жиілігі 90% дейін артты, ал интервал 3 есе қысқарды.

Абаттандыру және қаланыӊ тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын көрейту аясында орталықтандыру қағидасы бойынша Медеу, Бостандық, Түрксіб және Жетісу аудандарыныӊ саябақтары ретке келтіріледі. "Yлкен және Кiшi Карасу" өзендерініӊ жағалауларын, жер асты өтпелі жолдарды қайта жасау үшін қаржы бөлінді.

Егер өткен жылы 455 аула жөнделсе, 2018 жылы қаланыӊ барлық аудандарында тағы да 585 аула жаӊарады. Бұлардан өзге,"ТҮКШ модернизациялау" аясында 130 үй кешенді жөнделеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны