05.06.2009, 15:30 2933

Алматыда салымшының 10,5 млн теңгесін ұрлаған екінші деңгейлі банк қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Алматыда салымшының 10,5 млн теңгесін ұрлаған екінші деңгейлі банк қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Астана. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда салымшының 10,5 млн теңгесін ұрлаған екінші деңгейлі банк қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қаласы бойынша ЭСЖҚД екінші деңгейлі банк қызметкері М. есімді азаматшаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 177- бабы 3-тармағының "б" тармақшасы бойынша (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

"Ийел өзінің қызмет бабын пайдаланып, бірнеше рет банк салымшысының жеке шотынан 10,5 млн теңгесін басқа азаматтардың жеке шоттарына аударып, өз иелігіне жұмсаған",- деп хабарлайды қаржы полициясы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны